​Дыбыс шығаратын аспаптарды қыз жасауына қоспайды

0
169

Қыздың жасауына қосуға болмайтын заттардың қатарында қазан мен пышақ, сыпыртқы бар...


​Дыбыс шығаратын аспаптарды қыз жасауына қоспайды

фото: pexels.com

Қыздың жасауына дыбыс шығатын дүниені қоспайды деген бұрыннан бар. Барған жерде дабыра болады, екі ортада сөз көп болады дегенді естігенмін.

«Білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз» дегендей, осындай салт-дәстүрді айтып жүрген жақсы. Дыбысы шығатын зат бермейді, жасауға сары түсті дүние де салмайды.

Қазіргі таңда қыз ұзатып жатқан аналардың көпшілігі бұл туралы білмейді, оны айтып, ескертіп жатқан көненің көзі деп санайтын үлкен жастағы аналарымыздың да білмейтіндігі осыдан көрінеді. Себебі, қыздың жасауына бұкіл-ұсақ-түйекке дейін салғаны былай тұрсын, бір дүниесі жоқ екені деген сөзді естімес үшін қазан-пышақ, шаңсорғыш пен теледидарды да бұл тізімге қосып жүр.

Негізінен қыздың жасауына қосуға болмайтын заттардың қатарында қазан мен пышақ, сыпыртқы бар емес пе бұрыннан. Қазіргі шаңсорғыш сыпыртқының қызметін атқарады. Ал теледидар дыбыс шығаратын затқа жатады.

Екінің бірі музыкалық аспаптарда ойнай бермейді ғой, дегенмен, қарапайым осы дүниені ескере жүрген де дұрыс. Теледидардан бөлек, күйтабақты (магнитофон) да жасауға қосуға болмайды.

Менің де бойжетіп отырған қызым бар. Өзі кішкентайынан домбыра класына барып, өнерге құштар болды. Жекеменшік домбырасы да бар. ертеңгі күні ұзатылып жатса, домбырасын жасауына қоспай, бөлек сый ретінде берсем деп ойыма түйіп қойдым.

Мен секілді мұндай дәстүрдің бар екенін білмеген аналарға ой салсын, ескере жүрсін деп ежелден келе жатқан осы ырымды айтқанды жөн санадым.

фото: aliansrus.ru

Әр ата ана өзінің материалдық мүмкіндігіне қарай қызына жасау жиып, шамасына орай үй тұрмысының жабдығын түгендеп береді. Бұрынғының дәулетті адамдары ұзатылған қызына алты қанат ақ орда құрып, қызметші күңін қоса беріп отырса, қазіргі ауқатты ата - аналар қыздарына баспанасына дейін әперіп, автокөлігін де сайлап беріп жүр. Мұны асқандықтың белгісі деп қарауға да болмас. Қай ата-ана болмасын қолдағы барын да, қорадағы малын да баласының бақытының жолына бағыштауға дайын тұрады емес пе? Ең бастысы ұл үйлендіріп, қыз ұзатқан тұста екі елдің арасындағы алыс-беріс, жол-кәделерді бос бәсекеге айналдырып, жөн жосықсыз шашыла бермеу. Кейде артық берілген мүліктің өзі екі жастың арасындағы қарым қатынасқа кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан ұл қызының болашағын ойлаған ұлағатты ата-ана осының бәрін ақыл таразысына тартып, өзінің немесе ағайындарының құлқынын қанағаттандыру үшін емес, жас отаудың қажетін ашу үшін қам жасауы тиіс.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Жаңа туған айда ҚАСИЕТІ бар ма?

ТОЙҒА не үшін ҚОРЖЫН апарады?