2 дана жұмыртқа 10 келі тастауға көмектеседі

0
13 824

Егер сіз өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, үй жағдайында отырып-ақ, бірнеше келі салмақ тастап, фигураңызды сымдай ете аласыз. Әсіресе басты тағамы жұмыртқа саналатын мына төмендегі диета шын мәнінде сізге көмектеседі деп айта аламыз. Сондықтанда берілген барлық шарттарды дұрыс орындап, тамақтану рационыңызға мән беретін болсаңыз, диетаны аяқтағаннан кейін де дұрыс тамақтанған жағдайда сол қалпыңызды сақтап қаласыз. Бұл дәлелденген диета. Олай болса, бастайық!


 2 дана жұмыртқа 10 келі тастауға көмектеседі

фото: drug.org.ru

Қазіргі кезде диетаның түрі өте көп. Дегенмен, оның барлығы бірдей пайдалы, нәтижелі деп айта алмаймыз. Арықтағысы келетін жандардың саны күн санап артып жатқандықтан да болар соңғы уақытта онлайн-диеталар да көбейіп кеткен. Сіз алдымен мұндай диета марафонына қатысу үшін ақысын төлейсіз. Содан кейін ғана сізді арнайы оқу чаттарына қосады. Мұндай диеталық марафондардың көбі бір айға дейін жалғасады екен. Егер нәтижесін байқап жатсаңыз, ары қарай да қатыса аласыз.

Біздің айтпағымыз, қай диетаны ұстансаңыз да, нәтижесі сіздің ерік-жігеріңізге, ұмтылысыңызға, айналып келгенде ұстанымдылығыңызға байланысты болмақ. Егер сіз өз-өзіңізге сенімді болсаңыз, үй жағдайында отырып-ақ, бірнеше келі салмақ тастап, фигураңызды сымдай ете аласыз. Әсіресе басты тағамы жұмыртқа саналатын мына төмендегі диета шын мәнінде сізге көмектеседі деп айта аламыз. Сондықтанда берілген барлық шарттарды дұрыс орындап, тамақтану рационыңызға мән беретін болсаңыз, диетаны аяқтағаннан кейін де дұрыс тамақтанған жағдайда сол қалпыңызды сақтап қаласыз. Бұл дәлелденген диета. Олай болса, бастайық!

2 аптаға арналған жұмыртқа диетасы

Бірінші апта

1-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Екі дана қайнатылған тәтті картоп пен екі дана алма.

Кешкі ас: Тауық еті қосылған, көкөністерден салат.

2-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Көкөністерден салат, аскөктер.

Кешкі ас: Бір тәрелке көкөніс салаты, екі дана қайнатылған жұмыртқа мен жарты апельсин.

3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бір дана қайнатылған тәтті картоп, калориясы аз сыр, бір дана қызанақ.

Кешкі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

4-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балғын жемістер.

Кешкі ас: Бұқтырылып пісірілген тауық еті мен салат.

5-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністер мен екі дана жұмыртқа.

Кешкі ас: Қуырылған балық пен көкөніс салаты.

6-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балғын жемістер.

Кешкі ас: Буға піскен көкөністер мен тауық етінен дайындалған тағам.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бұқтырылған тауық еті мен көкөністерден тағам және салат.

Кешкі ас: Қайнатылған көкөністер.

Бір апта бойы біз ұсынған диетаны сақтап, тәттілерден, газды сусындардан немесе қуырылған зиянды тағамдардан бас тартқан болсаңыз, өзіңізді құттықтап қойсаңыз болады. Иә, сізге жарайсыз дейміз!

фото: recetas24k.com

Диетаны ары қарай жалғастырайық!

Екінші апта

1-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық еті қосылған салат.

Кешкі ас: Бір дана апельсин, екі дана қайнатылған жұмыртқа және көкөністерден дайындалған салат.

2-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Екі дана қайнатылған жұмыртқа мен бұқтырылған көкөністерден тағам.

Кешкі ас: Кез келген көкөністен салат және қуырылған балық.

3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық еті қосылған салат.

Кешкі ас: Бір дана апельсин, көкөніс салаты мен екі дана қайнатылған жұмыртқа.

4-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Бұқтырылған көкөністерден тағам және құнарлылығы төмен сыр, екі дана жұмыртқа.

Кешкі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

5-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Балық қосылған салат.

Кешкі ас: Көкөністерден салат және екі дана жұмыртқа.

6-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Тауық етінен дайындалған салат.

Кешкі ас: Балғын жемістер.

7-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, жарты апельсин немесе басқа цитрусты жеміс.

Түскі ас: Буға пісірілген тауық еті мен көкөністер.

Кешкі ас: Буға пісірілген тауық еті мен көкөністер.

Диета барысында не маңызды?

  • Күніне 7-8 стақан су ішу;
  • Қант пен тұзды шектеу ұсынылады.

Тәулігіне жарты сағат жаттығу жасау;

Берілген тағамдарды асықпай-аптықпай жеу;

Фаст-фуд тағамдарын жемеңіз;

Тәтті сусындар мен алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайды;

Дайындаған: Құрманкүл Әти.

ERNUR.KZ.