​3 күнде 3 келі САЛМАҚТАН арылтатын БАНАН + СҮТ диетасы

0
7 079

Банан құнарлы тағам деп ойлап отырған боларсыз?! Алайда диетологтар бананды тым құнарлы дей алмайды. Оның 100 грамында 96 ккал бар екен. Оның үстіне құрамы крахмалға, жасұнық пен фосфорға бай. 3-5 күн ішінде сымбатты реттеуге өте тиімді жеміс саналады.


​3 күнде 3 келі САЛМАҚТАН арылтатын БАНАН + СҮТ диетасы

Бананның емдік қасиеті де жоқ емес. Мәселен, банан жүрек-қан тамыр ауруларына, артрит кезінде, асқорыту жүйесі жұмысының бұзылуында таптырмас ем бола алады. Энергетикалық құндылығы жоғары болғандықтан да бананды спортшыларға, белсенді өмір сүруді ұстанатындарға жеу ұсынылады.

Банан өте тойымды жемістер қатарына кіретіндіктен диеталық тағам ретінде де пайдалануға әбден болады. Ендеше банан+сүт диетасының артықшылығына тоқталып өтейік.

Диетологтар аталмыш диета кезінде ағза банан мен сүттен тек пайдалы заттарды алатынын айтады. Соған қарамастан дәрумендер жиынтығын қабылдағанның зияны жоқ дейді. Сонда денсаулыққа ешбір зияны тимейді. Дегенмен банан+сүт диетасын 5 күннен артық созуға болмайды. 3 күндік диета да айтарлықтай нәтиже береді. Мұндай диетадан ағза микроэлементтер мен ферменттер алып, май қабаттарынан арылады екен. Тіпті, диета уақыты аяқталса да бірнеше аптаға дейін ағза артық маймен күресуін жалғастыра береді дейді мамандар.


Міне, бұл диетаның артықшылығы да осында. Диета кезінде ағзада мынадай өзгерістер жүреді:

  • Ішек жұмысы қалыпқа келеді;
  • Ағза токсиндерден тазарады;
  • Зат алмасу жүйесі жақсарады;
  • Буын аурулары мазаламайтын болады.


Диетаны кімдерге ұстауға болмайды?



  • Банан мен сүтке аллергиясы барлар;
  • Ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларымен ауыратындар;
  • Қант диабеті, бауыр-бүйрек аурулары;
  • Жүктілік және емізу кезінде диета ұстау ұсынылмайды.
  • Өте қатал диета болғандықтан да мұндай емдәмді мезгіліне бір рет ұстау жеткілікті. Сонымен қатар, диетологтан кеңес алу міндетті.


Диета ұстау үшін өз-өзіңізді дайындаңыз!

Ең алдымен диетологтан кеңес аласыз. Сосын айранмен немесе газсыз сумен бір күндік диета ұстайсыз. Диетамен қатар, дәрумендер жиынтығын ішу керек болады. Себебі тек банан мен сүт ішетіндіктен ағзаға кейбір дәрумендер болмаса минералды заттар жеткіліксіз болып, денсаулығыңызға зияны тиюі ғажап емес. Банан мен сүт диетасын ұстаудың түрлі тәсілдері бар. Бірақ күніне 3 дана банан, 3 стақан сүт ішуден асырмайсыз.

1-тәсіл

Күніне 6 рет тамақтанасыз. Әрбір тамақтану кезінде жарты банан мен 0,5 стақан сүт ішесіз. Сүттің орнына майсыз айран ішуге де болады. Кешкі ас пен ұйқының арасы 2 сағаттан кем болмауы тиіс.

2-тәсіл

Таңғы асқа – банан, екінші таңғы асқа – сүт. Сосын түскі ас – банан, бесін ас – сүт, кешкі ас – банан боп жалғасып кете береді. Ұйқыға жатар алдында 1 стақан кефир ішесіз.

3-тәсіл

Әрбір тамақтану уақытында банан мен сүттен дайындалған коктейльді ішіп, бір күнде 1 дана қайнатылған жұмыртқа жейсіз.

Егер осы айтылған мәзір бойынша тамақтанатын болсаңыз 3 күнде 5 келіге дейін салмақ тастау мүмкіндігі бар.


Банан+сүзбе диетасы



Бұл диета пайдалы әрі «дәмді» емдәм түрі. Сүзбе мен банан қосындысы ағзаны қажетті дәрумендермен, минералды заттармен қанықтырып, иммунитетті нығайта түседі. Мұндай диета мәзірі 4 күнге арналған.


Бірінші күн

Таңғы ас: 100 гр. майсыз сүзбе. Бір сағаттан соң грейпфрут жеуге болады.

Түскі ас: сүзбе мен жеміс жейсіз.

Кешкі ас: 100 гр. майсыз сүзбе.


Екінші күн

Таңғы ас: 1 дана банан, 1 стақан майсыз йогурт.

Түскі ас: 1 дана банан мен қайнатылған жұмыртқа.

Кешкі ас: 2 дана банан, 200 гр. майсыз балық немесе тауық еті.


Үшінші күн - бірінші күннің ас мәзірі қайталанады.


Төртінші күн

Таңғы ас: 1 дана банан, 1 стақан майсыз йогурт.

Түскі ас: 1 дана банан мен қайнатылған жұмыртқа.

Кешкі ас: 2 дана банан, 200 гр. майсыз балық немесе тауық еті.

Қосымша көк шай немесе қантсыз кофе ішуге болады.

Банан+сүзбе диетасында қарынның қатты ашқанын сезінбейсіз. Өйткені ас мәзірі тойымды әрі құнарлы тағамдардан құралған. Бір күнде 1 келі салмақ тастамасаңыз да, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізесіз. Ендеше арықтауды ойлап жүрген болсаңыз, өз-өзіңізді қолға алыңыз!

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Нан жемесеңіз ағзада қандай өзгеріс болатынын білесіз бе?


Мына 5 тағам СЕМІРУ мен ҚАРТАЮды жылдамдатады


Гастрит кезіндегі ДИЕТА: пайдалы әрі дәмді ас мәзірі