Аталмыш диета мәзірі ақуызға, майлар мен көмірсуларға бай болғандықтан да арықтау қиынға соқпайды.
Диетаның ең оңай әрі нәтижелісі – ақуыздан тұратыны. Сонымен қатар мұндай диетаның ас мәзірі де қарапайым азық-түліктерден құралады. Ақуыз тез арықтауға айтарлықтай септігін тигізеді.
Диетаның ас мәзіріне шикі көкөністер де кіретіндіктен калориясы айтарлықтай төмен болады. Себебі шикі көкөністер көбіне жасұнық пен судан тұрады. Сондықтан да бөксе мен санға майлар жиналмайды, керісінше ери түседі. Егер тәбетіңіз тартса, тағам мөлшерін аз ғана көбейтуге болады.
Ендеше осыншалықты пайдалы әрі мақтаулы диетаның мәзіріне тоқталып өтейік.
Таңғы ас:
- 2 дана жұмыртқа мен тауық еті, сүт қосылған омлет.
- Омлетті дайындау үшін 100 гр. ет жеткілікті.
- Жұмыртқа мен сүтті миксермен араластырып, азырақ тұз қосамыз.
- Табаға бір-екі тамшы май тамызып, алдымен етті саласыз. Кішкене қуырып, жұмыртқа мен сүт араласпасын құясыз.
- Осы омлет піскен соң тәрелкеге салып, қияр, аскөк, болгар бұрышын турап қосуға болады.
- Таңғы астың жалпы калориясы – 200 ккал болуы керек.
Тіскебасар:
- Бірінші тіскебасар уақытқа шай немесе кофе, ірімшік, қызанақ, болгар бұрышы салынған кішірек бутерброд жейсіз.
- Ал, нанның орнына қара нан немесе диеталық нандарды пайдалану керек. Тіскебасар 120 ккал құрайды.
Түскі ас:
- Кәді мен фарштан дайындалған қайықша тағам әзірлейсіз.
- Ол үшін балғын кәдіні ортасынан бөліп, етті жерлерін алып тастайсыз. Кәдінің етті жерін мыжып, тартылған тауық етімен араластырасыз. Фаршқа үккіштен өткізілген сәбіз бен пияз қосуға болады. Дәмдеуіштерді қосып, пешке салып пісіріп аласыз. Тағамымыз 35 минутта дайын болуы керек.
- Бір кәдіден дайындалған тағамның салмағы шамамен – 500 грамм, ал, жарты бөлігі 160 ккал шығады.
Екінші тіскебасар:
Бұл өте дәмді әрі тәттіге деген тәбетті басатын мықты тіскебасардың бірі. Тіскебасарды дайындау үшін 1 стақан айран мен жарты бананды миксерлеңіз немесе блендермен араластырыңыз. Айранның майлылығы – 2,5 пайыздан аспауы керек. Сонда айран мен банан сусынының калориясы – 110-115 ккал болып қалады.
Кешкі ас:
Кешкі асқа түсте дайындаған кәдінің жарты бөлігін жеу керек. Сонымен бірге кез келген шикі көкөністі жеу ұсынылады.
800 калориядан құралған диета кезіндегі тіскебасар уақытқа жоғарыда келтірілген ас мәзірлері көңіліңізден шықпаса, орнына мыналарды дайындауға да болады:
- 2 дана қайнатылған жұмыртқа;
- пеште піскен балық немесе ет.
Міне, диета осылай басталады. Егер сіз ас мәзірі бойынша тамақтанып, уақытылы ас ішетін болсаңыз, қарынның ашқанын сезбейсіз. Осылай артық салмақтан арылып, әдемі фигураға қол жеткізесіз.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
11 күнде 11 келі салмақ тастауға қалай қарайсыз?
Мына 4 жағдайда СҰЛЫ арықтауға көмектеспейді