​Тез арықтау үшін ашқарын күйде ұйықтау керек

0
5 102

Тез арықтауға не көмектеседі: белсенді қимыл-қозғалыс па, диета ма?


​Тез арықтау үшін ашқарын күйде ұйықтау керек

Диетологтар мен фитнес жаттықтырушылар күнделікті ішіп-жеген тағам калориясын энергиямен шығарып тастаса, артық май жиналмайды дегенді алға тартады. Егер калория энергиядан көп болса, арықтауға қол жеткізу қиын. Ал қажетсіз калориядан құтылуға мына 5 нәрсе жақсы көмектеседі екен.


Төсекке ашқарын күйде, жеңіл көрпе жамылып жатыңыз

Сіз үнемі жылы бөлмеде ұйықтасаңыз да қалың көрпе жамылып жатасыз ба? Оның үстіне қарынды барынша тойдырып, төсекке жататын болсаңыз, салмағыңызға салмақ қосыла берері сөзсіз. Керісінше ашқарынмен, жеңіл көрпе немесе жұқалау жамылғы жамылатын болсаңыз, 7-8 сағатта біраз калорияны жоюға болады. Соншалықты көп калория жойылмаса да, күні бойы қабылдаған тағам құнарының біразынан арыласыз.


Әр күн сайын үйді тазалаңыз

Калория жоғалтуға көмектесетін бұл әдістің пайдасы көп. Мысалы:

  • Үйіңіз әрқашанда таза болады;
  • Көп энергия шығарасыз;
  • Көңіл-күйіңіз көтеріліп, психикалық жағдайыңыз жақсарады.


Көбірек жаяу жүріңіз

Жаяу жүруге мүмкіндік бола қалса, екі аяғыңыз сау болса көп қадам жасауға тырысыңыз. Мысалы, дүкенге немесе базарға барарда, 2-3 аялдама жаяу жүріңіз. Жұмысқа бара жатқан жолда да автобустан немесе көліктен 1-2 аялдама бұрын түсіп қалып, межелі жеріңізге дейін жүріп барыңыз. Егер 1 км жаяу жүретін болсаңыз, 1300-1500 қадам жүрдім деп есептей беріңіз. Ал 1500 қадам 60-70 ккал құрайды. Осылайша сіз аз-аздан керексіз калорияларды жоятын боласыз.


Өз-өзіңізге массаж жасаңыз


Иә, массажды біреуге жасатпайсыз, өзіңіз өзіңізге жасайсыз. Сонда ғана артық майдан арылып, көп энергия жоғалтатын боласыз.

Өз-өзіңізге массаждың кез келген түрін жасай беріңіз. Ең бастысы шапшаң қимылдап, массаж жасай алсаңыз болғаны. Массаж арқылы калорияны шығарып, терінің жағдайын жақсартуға болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әлемдегі ЕҢ СЕМІЗ бала арықтаймын деп ҚАЙТЫС болған


Көктемде шалғаммен-ақ арықтауға болады