Арықтаудың ең арзан түрін білесіз бе?

0
7 004

Артық майлардан арылудың ең тиімді әрі қауіпсіз түрі ас содасымен ванна қабылдау болып табылады.


Арықтаудың ең арзан түрін білесіз бе?

фото: missbagira.ru

Нәзікжандылар өзінің сүйіктісіне ұнау үшін арықтаудың кез келген түріне бара алады. Қазіргі уақытта ешбір қиындықсыз, жаттығуларсыз-ақ дененің салбыраған терісін алдырып тастауға, түрлі аппараттардың көмегімен көлемді кішірейтуге болады екен. Біздің қыз-келіншектеріміз осындай қадамнан да бас тартып жатқан жоқ. Бірақ та семіздіктен арылтатын осындай тәсілдерден бөлек, қарапайым ғана ас содасы майды ерітетін ең керемет құрал болып саналады. Көп шығынды да қажет етпейді. Сол себепті де семіздікпен күресіп жүрген жандарға бұл таптырмас көмек болады деген ойдамыз.

Ас содасын ішкен дұрыс па әлде онымен ванна қабылдаған тиімді ме?

Диетологтар мен дәрігерлер бұл тұрғыда әлі күнге дейін бір шешімге келе алмай отыр. Сондықтан да әркім қалаған, өзіне ұнаған тәсілді пайдалана алады. Дегенмен, ас содасын қабылдаудың өзіндік ережелері де жоқ емес. Ас содасының адам ағзасына қалай әсер ететінін, қабылдағаннан кейінгі жағдайын әлемнің көптеген ғалымдары зерттеуде. Олардың көбі ас ас содасын белгілі бір мөлшермен пайдалану керектігін ескертеді. Егер мұндай суды мөлшерден асырып немесе жиі-жиі қабылдаса, ағзаға үлкен қауіп төндіруі де ғажап емес.

фото: onegirl.ru

Ас содасы қосылған суды қалай дайындайды?

Ас содасының көмегімен арықтаймын деп шешкен әрбір жан сақтық шараларын ұмытпауы тиіс. Адамның денсаулығы бұл әркім үшін маңызды. Денсаулықпен ойнауға болмайтынын білетін боларсыздар. Ендеше, ас содасын қалай дайындауды үйренейік. Ең алдымен бір дана лимонның шырынын сығып аламыз. Содан соң осы шырынды бір стақан жылы сумен араластырып, дайын сусынды ұрттап-ұрттап ішу керек. Осыдан кейін бір стақан жылы суға 1 шай қасық ас содасын салып, жақсылап араластырып, оны да ішіп аласыз. Бірақ есіңізде болсын: лимон шырыны мен ас содасын бір стақанға дайындап ішуге болмайды. Бұл өте қауіпті. Сол себепті де ас содасы қосылған суды дұрыс дайындағаныңызға көзіңіз жетпесе ішудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, мұндай тәсілдің физикалық жаттығуларсыз, дұрыс тамақтануысыз ешбір нәтижесі болмайтынын ұмытпаған дұрыс.

Ас содасымен ванна қабылдаңыз

Артық майлардан арылудың ең тиімді әрі қауіпсіз түрі ас содасымен ванна қабылдау болып табылады. Мұндай ваннаны кез келген уақытта қабылдау рұқсат етіледі. Ас содасының көмегімен дененің май басқан жерлері қалыпқа келіп, ішкі ағза мүшелері де дұрыс жұмыс істей бастайды.

фото: womansay.net

Ваннаның пайдасы:

  • Целлюлиттің алдын алады;
  • Денеге ауырлық түсірмейді;
  • Теріні тартады;
  • Шаршағанды басады;
  • Ісікті қайтарады;
  • Варикоздың алдын алады;
  • Лимфа жүйесін тазартады;
  • Аяқтың жағдайын жақсартады.

Ванна қабылдау үшін: 200 гр ас содасы қажет. Ал, судың температурасы 38 градустан жоғары болмағаны дұрыс. Ал, ағза біраз үйренгеннен кейін судың температурасын біраз көтеруге болады. Мұндай ваннаны әсіресе көп терлейтіндерге қабылдауға кеңес береміз. Өйткені ас содасы теріні құрғататындықтан, артынша целлюлитке қарсы немесе нәрлендіретін крем жағу керек.

Егер сіз дене-бітіміңіздің тек төменгі бөлігіне ғана көңіліңіз толмайтын болса, онда ваннағадененің белге дейінгі бөлігін ғана батырғаныңыз дұрыс. Ваннандан соң салқын сумен шайынасыз. Сондай-ақ, ваннан қабылдаған адам бір сағаттай көрпеге оранып жатуы керек. Бір сағаттай төсектен тұрмаған абзал. Ваннаны 20-25 минут бойы қабылдайсыз. Екі күнде бір рет ваннанға түсіп, 3 аптаға дейін жалғастыруға болады.

Емдік ваннаның әсерін күшейткіңіз келе ме? Олай болса, ас содасымен қатар, ваннаға теңіз тұзын қосып, бірнеше тамшы эфир майын тамызыңыз. Сонда сіз еш қиындықсыз 2-3 келіден арыла аласыз. Үш апталық емдік шарадан соң 1,5-2 ай уақыт өтпей ваннаны қабылдауды қайта бастауға болмайды.

Мұндай ваннаны кімдерге қабылдауға болмайды?

фото: golovabolit.net

Ас содасы – жалпы асүйде жиі, әсіресе, нанның көтеріліп пісуі үшін пайдаланылады. Оның қандай «күш-қуатқа» ие екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Сондықтан да ас содасымен мынадай жағдайларда арықтау ұсынылмайды:

  • Жүктілік кезінде;
  • Асқазан жарасында;
  • Ісік болған жағдайда;
  • Асқорыту жүйесі ауруларында;
  • Емізулі аналарға;
  • Денеде қандай да бір жарақат болған жағдайда;
  • Қабынбалы тері ауруларында;
  • Ас содасы жақпайтын адамдарға мұндай тәсілді қолданбаған дұрыс.

Дұрыс тамақтану да маңызды

Ас содасымен дайындалатын ванналарды дұрыс қабылдау ғана емес, дұрыс тамақтанудың да маңызды екенін ұмытпаған жөн. Cол себепті де мынадай ас мәзірін ұсынып отырмыз:

Таңғы ас: салат жапырағы мен қайнатылған 2 дана жұмыртқа.

Екінші таңғы асқа: алма.

Түскі ас: бір кесе сорпа мен бір тілім нан.

Бесін ас: сүзбе.

Кешкі асқа: Қайнатылған сиыр еті мен көкөністер.

Алайда, ас содасымен ванна қабылдамас бұрын, дәрігермен ақылдасып алу керек. Дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана сіз бұл тәсілдерді қолдана аласыз. Ендеше, іске сәт!

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ