Арықтауға көмектесетін ДТ сусындар

0
611

Жаз айларының соңғы күндері де өтіп жатыр. Осы уақытты пайдаланып қалуға тырысыңыз. Жеміс-жидектерді молынан қосып, түрлі сусындар дайындап, ағзаны нәрлендіріп алғанға не жетсін?!


Арықтауға көмектесетін ДТ сусындар

Анықтама үшін: ДТ - дұрыс тамақтану.


Тез арықтауға көмектесетін какао сусыны

Қажетті қоспалар:

  • 400 гр. сүт
  • 4 ас қасық какао
  • 2 дана банан

Дайындаул тәсілі:

  1. Бананның қабығын аршып, турап алыңыз.
  2. Содын соң табаққа 4 ас қасық какао салып, аз-аздан сүт қосыңыз. Какаоны араластырып отыруды ұмытпаңыз. Венчикпен араластырсаңыз, ешқандай түйіршік қалмайды.
  3. Енді табақты отқа қойып, ысытамыз. Қайнатуға болмайды.
  4. Блендерге бананды салып, ыстық какаоны құясыз.
  5. Сосын сусынды барынша араластырып, дайын какаоны стақандарға құйыңыз. Блендерді 1 минут бойы араластырған дұрыс, сонда банан мен какао біркелкі араласады.
  6. Аталмыш сусынға қант қосудың қажеті жоқ. Бананның тәттілігі қанттың орнын басады деуге болады. Калориясы тым көп емес, ддиетада жүрген жандарға таптырмас сусын болмақ!


Банан мен кивиден дайындалған сусын

Қажетті қоспалар:

  • 350 мл сүт
  • 1 дана банан
  • 2 дана киви
  • 1 дана алма
  • 1 ас қасық бал

Дайындалу тәсілі:

  1. Киви жемісінің қабығын аршып алыңыз да, жұқалап тураңыз.
  2. Бананның да қабығын аршып, турау керек.
  3. Алманы тазалап жуып, қабығын аршып, дәндерін алып тастайсыз. Сосын текшелеп тураңыз.
  4. Блендердің ыдысына туралған жемістерді салып, бал қосыңыз.
  5. Содан соң сүтті құйып, барлығы біркелкі массаға айналғанша араластырамыз. Осылайша дайындалған балғын смузиді стақандарға құйып іше беруге болады.


Айран мен жемістерден дайындалған смузи

Қажетті қоспалар:

  • 400 мл айран
  • 1 дана банан
  • 200 гр. басқа да жемістер

Дайындалу тәсілі:

  1. Жеміс-жидектерді тазалап жуып алып, алдымен бананның қабығын аршып, турап аламыз.
  2. Кивидің де қабығын аршып, басқа да жемістерді тазалап аласыз.
  3. Блендерге бананды салып, жемістерді жайғастырып, араластырып аласыз. Айранды құйып, барлығын тағы бір араластырып, смузиді іше беруге болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Стюардессаларға арналған арнайы диета: 4 КҮНДЕ 6 келі салмақ кетеді