Стюардессаларға арналған арнайы диета: 4 КҮНДЕ 6 келі салмақ кетеді

0
827


Стюардессаларға арналған арнайы диета: 4 КҮНДЕ 6 келі салмақ кетеді

Стюардессаларға арналған диетамен бірнеше күнде-ақ арықтап алуға болады. Бірақ стюардесса болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі бұл қызметке орналасудың өзіндік ережелері бар. Біріншіден бордсерік болу үшін сырт келбетің келіскен, дене-бітімің көз тартарлықтай болуы керек. Осы критерийлер сіздің бойыңыздан табылса, стюардесса қызметіне өзіңізді ұсына аласыз.

Бордсерік қыздарды көргенде қай адамның болмасын оларға көзі түсіп, әдеміліктеріне тамсанатыны анық. Олардың осылайша әдемі болуының сыры бар. Төменде төрт күнге арналған ас мәзірін ұсынамыз. Бұл ас мәзірі сымбатыңызды сымдай тартып, арықтауыңызға көмектеседі.

Стюардессаларға арналған диета

Аталмыш диета үш реттік тамақтану тәртібінен тұрады. Тағамды аз-аздан жеу ұсынылады.

1-күн

Таңғы ас:

1 тәрелке суға піскен сұлы ботқасы (қантсыз)

Түскі ас:

150 гр. тауық еті қосылған тұзсыз жеңіл сорпа. Азырақ қызанақ пен қияр салаты.

Кешкі ас:

Қайнатылған немесе пеште піскен тауық еті мен балғын көкөніс салаты.


2-күн

Таңғы ас:

200 мл алма шырыны немесе 1-2 дана алма

Түскі ас:

150 гр. қайнатылған немесе пеште піскен тауық немесе күркетауық еті.

Кешкі ас:

100-150 гр. 2%-дық сүзбе. Сүзбеге 200 гр. балғын көкөністерден дайындалған салат қосып жеуге болады.


3-күн

Таңғы ас:

150 гр. табиғи йогурт пен 1 дана жеміс жеу керек.

Түскі ас:

100 гр. қайнатылған ет (сиыр, бұзау немесе басқа диеталық ет) пен пеште піскен немесе балғын көкөністер.

Кешкі ас:

Тұзсыз, қантсыз, майсыз піскен қарақұмық пен пияз бұқтырмасы.


4-күн

Таңғы ас:

200 гр. жидектерден немесе көкөністерден дайындалған езбе, 1 дана балғын жеміс.

Түскі ас:

150 гр. буда немесе пеште піскен балық, тұз қосылмаған қызанақ пен қияр салаты.

Кешкі ас:

Тұзсыз және майсыз 2 дана пеште піскен немесе қайнатылған картоп.


Диетаның тағы бір талабы – күніне 2 л таза су ішу. Ал керісінше тәттілер мен қақталған ет өнімдерін жеуге болмайды. Бір күнде 2-3 шыны шай мен кофе ішу ұсынылады. Осылармен қоса физикалық белсенділігіңізді арттырып, жаттығулар жасайтын болсаңыз, тезірек арықтауға септігі тиеді.

Диетаны кімдерге ұстауға болмайды?

Балаларға, емізулі аналар мен 55 жастан асқан адамдарға бұл диетамен әуестенбеген дұрыс. Сонымен қатар, жүрегінде, бүйрегі мен қан қысымында ақаулары барларға да аса сақтықпен диета ұстағаны абзал. Диета небәрі 4 күнге созылады, одан әрі жалғастыруға болмайды. Тек қана диетадан кейін 7 күнге дейін майлы, қуырылған тағамдарды жемесеңіз болғаны.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Балалардың толысып кетуіне фаст-фуд «кінәлі»