І-ші қан ТОБЫНА жататындарға қатал диета ұстауға болмайды

0
2 731

Әлем бойынша адамдардың 33%-ы І қан тобына жатады екен. Бұл қан тобы ең ежелгі әрі алғашқы қан тобы деген деректер де бар. Медицинада І қан тобына жататын донорлардың қанын басқа топтағыларға құюға болады. Осындай қызықты әрі маңызды мәліметтермен қоса, қан тобына қарай арықтауға болатынын да қазіргі мамандар айтып жүр.


І-ші қан ТОБЫНА жататындарға қатал диета ұстауға болмайды

Адамдардың қан тобына қарай мінездеме беріп, тағдырын болжайтындар бар. Бірақ қан тобына қарай арықтауға болады дегенді естіп көріп пе едіңіз?!

Адам ағзасының қан бармайтын жері жоқ. Миымыздан бастап аяғымыздың ұшына дейін қан айналып, соның арқасында жүрегіміз де соғып тұрады. Ендеше қан тобына қарай диета ұстаудың қисынға сай келуі ғажап емес.

Бүгін біз І қан тобына жататын жандарға арықтау кезінде қандай тағамдардан бас тарту керектігін айтатын боламыз. Сонымен қатар, бұл қан тобындағы адамдарға байланысты, оның денсаулығына қатысты да мәліметтер беріледі.


І қан тобы иелерінің денсаулығы қандай?

  • Олардың иммундық жүйесі мен зат алмасу жүйесі өте жақсы жұмыс істейді. Бұл топтағылардың метаболизмі сапалы әрі қарқынды жүреді. Бірақ олар күнделікті әдеттерін бірден өзгертуге осалдау. Мысалы, қатал диетаға отыра алмаулары мүмкін.
  • Сонымен қатар, І қан тобына жататындар артрит, асқазан жарасы мен он екі елі ішек аурулары, аллергия сияқты ауруларға бейім болады екен.
  • Мұндай адамдарға арықтауды қолға алған болса, ұннан жасалған барлық өнімдерді және брокколиден басқа барлық қырыққабат түрлерін өз рационынан алып тастауға кеңес береміз. Ал, керісінше құрамында йоды бар барлық азық-түлікті ас мәзіріне қосқан дұрыс. Сонымен бірге қалқанша безі жұмысының жақсаруы үшін шалғам мен шомырды қосыңыз. Мұндай көкөністерді шырынсыққыштан өткізіп, сәбіз шырынымен араластырып ішіңіз.
  • Зат алмасу жүйесін жақсартатын ет пен бауыр да дастарханыңыздан табылуы керек.
  • Осындай тағамдарды ас мәзіріне қосу арқылы, спортпен шұғылдануды да ұмытпаған жөн.


1 аптаға арналған диета мәзірі

Дүйсенбі

Таңғы ас: қарақұмық ботқасы, соя ірімшігі, итмұрын қосылған шай.

Екінші таңғы ас: алма.

Түскі ас: сиыр еті, брокколи мен сәбіз, зәйтүн майынан дайындалған салат.

Бесін ас: 1 уыс грек жаңғағы.

Кешкі ас: қайнатылған балық еті мен аскөк.

Сейсенбі

Таңғы ас: арпа ботқасы, 2 дана қайнатылған жұмыртқа, итмұрын шайы.

Екінші таңғы ас: інжір.

Түскі ас: грильде піскен көкөністер, қызылша мен салат жапырағынан салат.

Бесін ас: 1 уыс грек жаңғағы.

Кешкі ас: пеште піскен тауық еті.

Сәрсенбі

Таңғы ас: Соя ірімшігі, қара ұннан жасалған нан, итмұрын шайы.

Екінші таңғы ас: теңіз қырыққабаты мен асқабақ дәнінен салат.

Түскі ас: Картоп пен бұзау етінің бұқтырмасы.

Бесін ас: шие шырыны.

Кешкі ас: пеште піскен балық, көктерден дайындалған салат.

Бейсенбі

Таңғы ас: Соя сүтіне піскен арпа, соя ірімшігі, итмұрын қосылған шай.

Екінші таңғы ас: қара өрік.

Түскі ас: күркетауық еті мен асқабақ қсыолған пісірме,аскөк.

Бесін ас: 1 уыс грек жаңғағы.

Кешкі ас: пеште піскен тауық еті.

Жұма

Таңғы ас: Соя сүтіне піскен арпа, соя ірімшігі, итмұрын қосылған шай.

Екінші таңғы ас: қара өрік.

Түскі ас: күркетауық еті мен асқабақ қосылған пісірме, аскөк.

Бесін ас: 1 уыс грек жаңғағы.

Кешкі ас: пеште піскен балық пен жеңіл салат.

Сенбі

Таңғы ас: Қара нан мен 2 дана алма, ірімшік.

Екінші таңғы ас: 1 стақан қызанақ шырыны.

Түскі ас: сиыр жүрегі мен пияз, сәбіз қосылған тағам.

Бесін ас: 1 уыс бадам жаңғағы.

Кешкі ас: Қайнатылған жасыл бұршақ, шалғам мен қияр салаты.

Жексенбі

Таңғы ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, қара нан, жөке шайы.

Екінші таңғы ас: киви.

Түскі ас: сиыр етінен дайындалған котлет пен бұқтырылған балық.

Бесін ас: 1 уыс грек жаңғағы.

Кешкі ас: Бұқтырылған көкөністер мен балық еті.


Аталмыш диета сіздің денсаулығыңызға ешқандай кері әсер етпей, сапалы арықтауыңызға көмектеседі. Дегенмен, диетаны бастамас бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


7 күнде 5 келі артық салмақтан арылу әдісі


Алма сірке суы 7 күнде 4 келі салмақ тастауға көмектеседі