Бұл мәзір бойынша әзірлесеңіз ағзаңыз да зиянын тартпайды. Салмағыңызға салмақ қосудан арылып, керсінше артық майдан арылуыңыз әбден мүмкін.
Өте пайдалы әрі диеталық пеште піскен картоп тағамын жегіңіз келе ме? Бұл мәзір бойынша әзірлесеңіз ағзаңыз да зиянын тартпайды. Салмағыңызға салмақ қосудан арылып, керсінше артық майдан арылуыңыз әбден мүмкін. Себебі тағамның пайдалы дәрумендері өз бойында сақталады. Дәмі тіл үйіретін қуырылған картопқа саңырауқұлақ қоссаңыз одан әрі нәрленіп, иісі мұрынды жаратын болады. Сол себепті де әзірлеп көруге кеңес береміз!
Қажетті қоспалар:
- 350 гр. тауық еті
- 150 гр. саңырауқұлақ
- 300 гр. картоп
- 90 гр. сәбіз
- 100 гр. пияз
- 30 мл өсімдік майы
- Дәміне қарай тұз, бұрыш
- 300 мл су
- 15 гр. ақжелкен
Дайындалу тәсілі:
- Тауық етін тазалап жуып, ірілеп тураймыз. Қаласаңыз майлы жерлерін алып тастауға болады. Сосын шұңғыл табаққа саламыз.
- Картоптың қабығын аршып, оны да орташа көлемде тураймыз. Әдемі боп шығу үшін арнайы жолақ қалдыратын пышақты пайдалансаңыз болады. Туралған картопты ет салынған табаққа салып, екеуін араластыру керек.
- Пияз бен сәбіздің де қабығын аршисыз. Пиязды майдалап турап, сәбізді дөңгелек қалыпта тураған дұрыс. Бірақ тым қалың қылудың қажеті жоқ.
- Туралған сәбіз бен пиязды да басқа қоспаларға қосамыз.
- Саңырауқұлақтысалқын сумен бір жуып алып, сұрыптап аламыз. Егер арасында жарамсызы болса, тастауға тура келеді.
- Кейіннен саңырауқұлақты екіге немесе төртке бөлеміз. Дайын саңырауқұлақтарды да табаққа салып араластырамыз.
- Барлық қоспалар салынған табаққа дәміне қарай тұз, бұрыш салып, жақсылап араластырып алу керек. Содан соң өсімдік майын құйып, өзіңізге ұнайтын дәмдеуіштерді қосып, итағы бір араластырып алыңыз.
- Енді формаға әбден араласқан көкөністерді салып, жайып шығамыз.
- Қайнаған немесе ыстық су құйып, бетіне фольбга қағазын жабамыз. Осылайша дайындалған көкөністерді пешке салып, 1-1,5 сағаттай пісіреміз.
- Осы уақыт өткеннен кейін фольга қағазын алып, бетіне туралған ақжелкенді себелейміз. 1,5 сағатта тағам дайын болуы керек. 180 градусқа қойып пісіретін болсаңыз, дәл осылай әзірлесеңіз, өте әдемі шығады. Егер пешіңіздің қызуы жоғары болса градусын түсіруіңізге болады.
- Қуырылған картоппен балғын салаттың кез-келген түрін қоса ұсына беруге болады.
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: