Салмақты жоғалтудың ең қарапайым және қауіпсіз әдістерінің бірі - диетаның энергетикалық құндылығын азайту. Калория тапшылығы кезінде дене қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін май шөгінділерінің қорын пайдаланады. Осы тұста біз сізге 1200 ккал-дан тұратын диетаны ұстауға кеңес берер едік. Бұл тамақтану нұсқасы әйелдерге салмақ жоғалту және артық салмақтан арылу үшін өте қолайлы.
Салмақ жоғалтуға арналған 1200 ккал-дан тұратын аталмыш диета мәзірінде сіз тағамдық талшық пен судың мөлшеріне назар аударуыңыз керек. Тағамдық талшықты көкөністерден, салаттан, жемістерден, жидектерден немесе жармалардан, кебектен және наннан алуға болады. Сонымен қоса күніне кем дегенде 1,5 литр су ішу керек, көк шай ішсеңіз де артықтық етпейді.
Диетаны кімдерге арналған?
1200 ккал калориялы диета экстремалды болып саналады. Егер сіз 1200 ккал диетаға ауысқыңыз келсе, ең алдымен күнделікті қажеттілікті есептеп, содан кейін осы ккал-дан аптасына 100-200 ккал азайтып отыруыңыз керек. Себебі бірден тағам мөлшерін азайтуға болмайды.
1200 ккал диета мына адамдарға қолайлы:
• бойы қысқа және салмағы аз қыздарға;
• жоғары белсенділіксіз және физикалық күш салмайтын адамдарға;
• қысқа мерзімде 1,5-3 кг салмақ тастағысы келетін жандарға.
Мысалы, бұл диетаны демалыс немесе мерекенің алдында қолданып көріңіз. Жаттығумен біріктірілген кезде нәтижеге қысқа мерзімде қол жеткізе аласыз. 1200 ккал мәзірі дұрыс және пайдалы тағамдарға негізделуі керек, әйтпесе жоғарыда айтқан нәтижеге жету қиынға соғады.
Диетаның артықшылықтары:
1. Күні бойғы тағам калориясы 1200 ккал болса, сіз міндетті түрде артық салмақтан арыласыз. Бір айда бастапқы салмақтан 3-тен 10 кг-ға дейін салмақ жоғалтуыңыз мүмкін.
2. Егер сізде әртүрлі және толық мәзір болса, салмақ жоғалтудың бұл әдісі өте төмен калориялы монодиеталардан айырмашылығы (мысалы, диета) денеге айтарлықтай зиян келтірмейді.
Диета кімдерге ұсынылмайды?
Диетаның энергетикалық құндылығын айтарлықтай төмендету барлық адамға бірдей жағымды әсер етеді деп айта алмаймыз. Мысалы, спортшылар, белсенді адамдар және қолмен жұмыс істейтін адамдар дененің қажеттіліктерін өтеу үшін тым аз калорияға ие болады. Бұл сіздің әл-ауқатыңыз бен денсаулығыңызға әсер етеді, күш қорлары азаяды және шаршау артады.
Жасөспірімдер үшін 1200 ккал-ға дейінгі мәзірі бар диеталарға қатаң тыйым салынады. Бұл қоректік заттардың тепе-теңдігінің қажеттілігімен, ағзаның өсуі мен оның дұрыс дамуы үшін энергиямен қамтамасыз етумен түсіндіріледі. Осыған ұқсас себеппен жүкті әйелдерге төмен калориялы тұтынуға жол берілмейді, өйткені олар ұрықтың қалыптасуы үшін пайдалы ресурстарды қажет етеді.
Диетаның кемшіліктері:
1. Әрқашан 1200 килокалория шегінде тамақтану өте қиын. Ал көптен күткен салмақ жоғалтқаннан кейін (тіпті қалыпты 1800-2000 ккал шегінде) әдеттегі мәзірге оралғаннан кейін сіз өте тез салмақ қосасыз. 1200 ккал тамақтанған кезде, мұндай аз диетамен қалыпты жұмысты жалғастыру үшін сіздің денеңіз метаболизмді баяулатады. Күнделікті калория мөлшерінің жоғарылауымен барлық артық заттар май түрінде сақталады.
2. Тәулігіне 1200 ккал тамақ ішкенде, диетадан шығып кету қаупі жоғары. Үлкен калория тапшылығымен тамақтану үшін сізде төзімділік пен ерік-жігер жоғары болуы керек, өйткені дене талап етілгеннен аз алады.
3. Мұндай шектеулі диета кезінде тағамның құрамындағы барлық қажетті дәрумендер мен минералдарды аласыз деп айту қиын.
4. Егер сіз 1200 ккал-мен тамақтанатын болсаңыз, онда сізде тиімді фитнес үшін физикалық күш болмайды. Ал спортсыз салмақ жоғалту, мүмкін болмаса да қиындау екені түсінікті. Диета мен спорт қатар жүрсе ғана жақсы нәтиже болады.
1200 калория жүйесін пайдаланып салмақ жоғалтуға бел шешсеңіз, мынадай пайдалы кеңестерді ұсынамыз:
1. Түрлі тағамдарды жеуге тырысыңыз. Біз кейбір тағамдарды аз, кейбіреулерін көбірек ұнатамыз, бірақ мұндай жетіспейтін диетада әртүрлі мәзір өте маңызды. Әрине, сіз өзіңіздің талғамыңызға сай және 1200 ккал шегіне сәйкес келетін тамаша диетаны тапсаңыз жақсы. Дегенмен, ағзаға әртүрлі диета қажет, сондықтан ет, жарма, көкөністер мен жемістердің балама түрлерін ұмытпаңыз.
2. Витаминдер қабылдаңыз. Диеталар, олар қандай болса да, әрқашан витаминдердің немесе микроэлементтердің жетіспеушілігімен бірге жүреді. Сондықтан дәріханадан витаминдер кешенін сатып алуды ұмытпаңыз және оларды үнемі қабылдаңыз. Бұл диетадан келетін зардаптардың қаупін азайтады.
3. Салмақты жоғалтқаннан кейін 1200 ккал диетаны ақылмен тастау керек. 1200 ккал диетадан қоректік диетаға біркелкі көшу өте маңызды. Тіпті салмақ жоғалтуда қажетті нәтижеге қол жеткізген болсаңыз да, ешбір жағдайда кенеттен шектеусіз тамақтануды бастауға болмайды. Бұл жоғалған килограммдардың толық қайтарылуына әкеледі. Аптасына шамамен 100-200 ккал қосып, диетаның калориялық мазмұнын біртіндеп арттырыңыз.
Әлбетте, тәулігіне 1200 ккал жеу, салмақ жоғалтудың тиімді әдісі болғанымен, сонымен бірге өте экстремалды. Әдемі фигураны жасау үшін нақты калорияны тұтынуды есептеу, өзіңіз үшін жоғары сапалы физикалық белсенділікті таңдау және осы екі бағытты үйлесімді біріктіру арқылы мақсатыңызға оңай жетесіз. Іске сәт!
Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Қарынның ШЫҒЫП КЕТУІНЕ 5 түрлі СЕБЕП БАР