САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН пирогтар

0
4 590

Диеталық пирогтар мәзірі


САЛМАҚ ҚОСТЫРМАЙТЫН пирогтар

Диеталық тағамдарға ден қойғандарға өте пайдалы пирогтар мәзірін ұсынамыз. Өте қарапайым азық-түліктерден дайындалатын мұндай дәмді әрі хош иісті пирогтарды кез келген жан жасай алады.


Асқабақ пен ұнтақ жармасынан дайындалған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 300 гр. асқабақ
  • 1 дана лимон
  • 250 мл айран
  • 100 гр. қант
  • 270 гр. ұнтақ жармасы
  • 2 шай қасық қамыр қопсытқыш
  • 120 мл су

Дайындалу тәсілі:

  1. Асқабақтың қабығын аршып, майда үккіштен өткіземіз.
  2. Осы асқабаққа айранды қосып, қант, ұнтақ жармасы мен қамыр қопсытқышты қосамыз. Айран бөлме температурасында болуы керек. Шым-шым тұз қосуға болады.
  3. Қамырға лимон қабығын міндетті түрде қосу керек. Сонда асқабақтың дәмі сезілмейтін болады. Барлығын жақсылап араластырып, май жағылған табаға құямыз.
  4. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, пирогты саламыз. 45-50 минуттан кейін тіс тазалағышпен піскен-піспегенін тексеріп көрсеңіз болады.
  5. Енді пирогтың сиропын дайындаймыз. Ол үшін қант пен суды кастрөлге құйып, лимон шырынын қосамыз. Отқа қойып қайнатып, пирогқа құямыз. Суығанша пирогты формада қалдырып, шай қайнаған соң жей беруге болады.


Кәді мен жұмыртқа қосылған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 600 гр. кәді
  • 200 гр. ірі тартылған ұн
  • 4 дана жұмыртқа
  • 150 гр. пияз
  • 10 гр. қамыр қопсытқыш
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Кәділердің қабығын аршып, үккіштен өткіземіз. Егер кәдінің қабығы жұқа болса, солай қалдыруға да болады.
  2. Сосын кәдіні сығып, біраз суын шығарып тастаймыз. Жұмыртқа, ұн, қамыр қопсытқышты қосып, араластыру керек.
  3. Пиязды майдалап турап, қамырға қосамыз. Дәміне қарай тұз, бұрыш қосамыз.
  4. Форманы майлап, қамырды құямыз да, 180 градусқа қыздырылған пеште пісіреміз.
  5. Егер қаласаңыз, грек йогуртын пирогтың бетіне жағуға болады. Сонымен қатар, майдалап туралған көк пиязды бетіне себелесеңіз, дәмі кіре түседі.


Лавашқа оралған пирог


Қажетті өнімдер:

  • 200 гр. лаваш
  • 500 гр. қырыққабат
  • 1 дана пияз
  • 1 дана сәбіз
  • 2 дана жұмыртқа
  • 100 гр. қаймақ
  • 200 мл сүт
  • 0,5 шай қасық тұз.

Дайындалу тәсілі:

  1. Сәбіз бен пиязды майдалап тураймыз. Табаға май құйып, пияз бен сәбізді қуырамыз. Қырыққабатты жұқалап турап, қуырмаға қосамыз. Табаның қақпағын жуып, көкөністерді бұқтырамыз. Арасында қуырманы қозғап тұруды ұмытпаймыз.
  2. Пирогты дайындауға 2-3 лаваш жетеді. Лавашты жайып, оның бетіне қуырманың 1/3 бөлігін саламыз. Содан соң екінші лавашты қойып, салманы саламыз. Артынша үшінші лавашты жайып, салманы саламыз да, орама жасаймыз.
  3. Ораманы бірнеше бөлікке бөліп, кесіп шығамыз. Форманы майлап, орамаларды саламыз.
  4. Жұмыртқаларды жарып табаққа салып, көпіршітеміз. Қаймақ пен сүтті, азырақ тұз қосып, венчикпен араластыру керек. Формаға салынған лаваш орамаларына осы жұмыртқа араласпасын құямыз.
  5. Пешті 180 градусқа дейін қыздырып, 30-40 минутта пирогымызды пісіріп аламыз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтағыңыз келсе, алкоголь ішпеңіз - білікті дәрігер басты себебін айтты


Арықтауға көмектесетін дәрумендер де бар