Шалғам (редиска) қосылған салатты көктемде көбірек жейтініміз анық. Бұл пайдалы көкөністің арықтауға көмектесетін әсері бар.
Шалғам көкөністер ішіндегі дәруменге бай әрі ағзаны шлактар мен холестериннен тазартатын қасиетке ие бірден-бір бақша өнімі. Сонымен қатар шалғамның әлсірегенде күш-қуат беретін, зиянды бактерияларды қуатын да ерекшелігі бар. Әсіресе шалғамды жүрек-қан тамыр аурулары кезінде тұтыну ұсынылады.
Шалғамның тамырынан натрий, темір, кальций, фосфор, қант, жасұнық және де В1, В2, С, РР дәрумендері мен көмірсулар, минералды тұздарды алуға болады. Сабағын, жапырағын гарнирге, сорпаларға қосса да дәмін кіргізері сөзсіз. Міне, осындай қасиеттерінің көптігінен болар, бұл көкөніс арықтауға да жақсы көмектеседі. Алайда, бір айта кетерлігі, шалғамды бауыр, бүйрек, асқазан-ішек аурулары мазалайтындарға пайдаланбаған дұрыс.
Егер, сіз шалғамды сүйіп жейтін болсаңыз әрі арықтағыңыз келсе, шалғам диетасы сіздің көңіліңізден шығары анық. Ендеше, бастайық!
Бір күндік салатты дайындау үшін, мынадай азықтар қажет:
400 гр. сүзбе
300 гр. шалғам
1 ас қасық аскөк
Алдымен шалғамды майдалап турап, сүзбемен араластырасыз. Сосын майдалап туралған аскөкті салыңыз. Барлығын жақсылап араластырып, жей беруге болады. Дайын салатты 4 бөлікке бөліп, бір күн бойы жейді. Аталмыш диетаны аптасына бір рет қайталауға рұқсат етілген. Аталмыш салатты жеу арқылы бір күнде 1-2 келі салмақтан арыласыз.
Қаймақ қосылған салат
Салатқа қажеттілер:
2 бума шалғам
1 дана қайнатылған жұмыртқа
Қаймақ пен тұз.
Дайындалуы:
Шалғамды жіңішкелеп, ұзынша қалыпта турау қажет. Сосын жұмыртқаның сары уызын салып, шалғаммен араластырады. Ал, ақ уызды жұқалап турап, соңында қосасыз. Осылайша дайындалған салатты бір күн ғана жейге рұқсат етіледі.
Қияр мен шалғам салаты
Қажеттілер:
3 дана ірі шалғам
2 дана қияр
2 шай қасық зәйтүн майы
Теңіз тұзы, қызыл бұрыш, күнжіт қосылады.
Дайындалуы:
Көкөністерді жұқалап турап, тәрелкеге салыңыз. Оған тұз, бұрыш, күнжітті қосып, зәйтүн майымен араластырасыз. Дәруменге бай салатты күні бойы жей беруге болады. Егер қаласаңыз, қосымша тағы дайындап жегеннің артықтығы жоқ.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
Арықтағысы келетіндерге ЛАВАШ жеуге бола ма?