​Заманауи аппараттармен ЖАТЫП-АҚ арықтауға болады (видео)

0
3 010

Вакуумды массаж, миостимуляция, прессотерапия, кавитация сынды аппараттардың көмегімен сымбатыңызды түзеп, керек болса "күзеп" береді.


​Заманауи аппараттармен ЖАТЫП-АҚ арықтауға болады (видео)

Заманауи құрылғылар сіздің теріңіздің астына жиналған майларға дейін әсер етіп, ерітетін, целлюлитті жоятынын қазіргі мамандар айтып жүр. Мұндай аппараттар біздің елімізге де келіп жетті. Оның пайдасын қыз-келіншектер көріп те үлгерді. Дегенмен заманауи құрылғылар жайлы білмейтіндер де аз емес. Сондықтан да бүгін біз Шымкент қаласының тұрғыны, осы істің маманы Жанна Наурызбаевамен тілдесіп, біраз мағлұмат алған болатынбыз.


- Жанна Тохтарханқызы, @cosmetolog_zhanna_shymkent инстаграм парақшаңыздан керемет жаңалықты көзіміз шалып қалды. Аппараттармен шынында да жатып-ақ арықтауға бола ма?

- Сәлеметсіздер, иә, бұндай аппараттар тектен-текке шығарылмайды. Әрине арықтауға көмектеседі. Менің бұл шаруамен айналысып жүргеніме 1 жылдың көлемі болып қалды. Осы уақыт аралығында мен талай қыздардың денесіне коррекция жасадым. Бұл процедураның қалай жұмыс істейтінін көргеннен кейін олар маған тек алғыстарын айтып кетеді.


- Аппараттарға жеке-жеке тоқталып өтсеңіз...

- Қазіргі таңда мен 5 түрлі аппаратпен жұмыс істеймін: миостимуляция, вакуумды массаж, прессотерапия, кавитация, RF-лифтинг.

Миостимуляция – бұлшықет жұмысын жақсартып, майлы жасушалар көлемін азайтады. Бұл аппаратпен дененің барлық жеріне корррекция жасауға болады. Миостимуляция өз кезегінде жаттығумен айналысқанмен бірдей нәтижеге ие. Сол себепті де болар көптеген қыз-келіншектер осы аппаратпен арықтауды қалайды.

Бұл аппарат тоқпен жұмыс істейді. Белгілі бір аймаққа тоқ жіберу мезанизмі арқылы бүкіл ағзаға вибрация тәсілімен әсер етеді. Миостимуляция тіпті, қан айналымды жақсартып, жұмысын тоқтатқан немесе әлсіз атқаратын бұлшықеттердің іске қосылуына септігін тигізеді.

Миостимуляцияны қабылдағаннан кейін: бұлшықеттер нығаяды, целлюлит азаяды, тері астындағы майлар ыдырайды.

Вакуумды массаж – целлюлитке қарсы ең тиімді тәсіл. Бұл заманауи құрылғы теріні тегістеп, оның қартаюына кедергі келтіре алады. Май қабаттарына тереңінен әсер етіп, тері бездері мен май бездерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Вакуумды массаждан кейін дененің ісінуінен құтылып, целлюлиттің кете бастағанын байқайсыз.



Кавитация – егер клиентке тез әрі нәтижелі арықтау керек болса аппараттың осы түрін таңдауға кеңес беремін. Бұл да жаңадан шыққан ультрадыбыстық тәсілмен жасалатын коррекция.

Бірінші күннен кейін-ақ қыз-келіншектер көлемінің 2-3 сантиметрге кішірейгенін байқап, терінің тегістелгеніне көзі жетеді. Дегенмен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін 1 процедура ғана емес, 1 курсты толық алу керек. 1 курсты қазіргі таңда 10 күнге 2 процедурадан 25 мың теңгеге алуға болады. Бұл бұрын-соңды болмаған баға. Көктем жақындап келе жатқандықтан да біз осындай жеңілдік жасап отырмыз.


- Прессотерапия мен RF-лифтинг қалай жұмыс істейді? Ерекшеліктері мен артықшылықтарына тоқталып өтсеңіз. Сонымен қатар, өзіңіз айтып отырған аппараттардың біреуін ғана таңдап, күн сайын сол процедураны қабылдауға бола ма?

- Прессотерапия аты айтып тұрғандай арнайы киімнің көмегімен денені қысып, қайта босату арқылы ағзадағы артық сұйықтықтарды зәр арқылы сыртқа шығаруға көмектеседі. Тек қана сұйықтықты емес, токсиндер мен зиянды заттарды шығаруға да қабілеті жетеді. Осылайша аппараттың көмегімен бір орында жатып-ақ ағзаңызды тазалай аласыз.

RF-лифтингке қысқаша тоқталып өтейін. Бұл аппарат радиотолқындар әсерінен май жасушаларын қыздырып, ыдыратады. Майлар сұйықтыққа айналып, табиғи жолмен ағзадан шығады. Осы уақытта колллагенді талшықтар да қатты қызып, ағзада жасушалардың жаңару процесі жүреді.

Екінші сұрағыңызға келетін болсам, аппараттар бір-бірін толықтырып отырады деуге болады. Мысалы, прессотерапия ағзаны тазаласа, кавитация мен вакуумды массаж тереңде жатқан майларды ыдыратып, целлюлитті кетіреді. Ал, миостимуляция жоғарыда айтып өткеніміздей бұлшықеттердің қарқынды жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Өзіңіз байқап отырғандай, әр аппараттың қызметі әртүрлі. Бірақ 1 курс ішіне барлығы кіретіндіктен дененің барлық жеріне әсер етуге тырысамыз. Қосымша тағы процедуралар бар, оның бәрін айтып отырғаннан қабылдауыма келіп, арнайы курстан өтуге кеңес беремін.


- Жанна ханым, аппараттардың көмегімен арықтауға болатынына көзіміз жеткендей болды. Бірақ, сіз маман ретінде қанша қыздың өз арманына жетуіне көмектестіңіз. Сондай-ақ, еш нәтижеге қолы жетпей кеткендер болды ма?

- Менің кеңесіме құлақ асып, барлығын дұрыс орындаған қыз-келіншектер өз діттегеніне жете алды. Олар 1 курс ем қабылдағаннан кейін 10 сантиметрге көлемін кішірейтіп, ризашылықтарын білдіріп жатты. Алайда, аппаратпен арықтауды қолға алып, өзі бұрынғыдай тамақтанып жүргендер айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан да курс кезінде ең болмағанда 10 күн тамақты тартынып жеуге кеңес беремін. Осындай жағдайда аппараттардың әсері де күшейе түседі.


- Кез-келген нәрсенің жағымды әрі жағымсыз жағы болатыны секілді, бұл аппараттардың да қандай да бір зияны бар ма? Сондай-ақ кімдерге мұндай процедураны қабылдауға болмайды?

- Біріншіден, әрбір процедураны қабылдаудың белгіленген уақыты бар. Кейбірін 15 минут қосуға болса, енді бірін 30 минут қабылдай алады. Бірақ аталмыш процедураларды жүкті және емізулі әйелдерге қабылдау ұсынылмайды. Сонымен қатар, етеккір циклі кезінде де қыз-келіншектерді арықтауға арналған аппараттарға жатқыза алмаймыз.


- Жанна ханым, бүгінгі әдемі сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!

Сұхбаттасқан: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Энергияны тасытатын 5+1 азық-түлік


І-ші қан ТОБЫНА жататындарға қатал диета ұстауға болмайды