Күні бойы шаршамай керісінше шапқылап жүріп жұмыс істегіңіз келсе, осы азық-түлікке басымдық беріп көріңіз.
Энергия – адамның күш-қуаты. Күш-қуатың, әл-дәрменің қалмаса ештеңеге жарамсыз боп, жоспарлаған ісіңді бітіре алмай, төсекке келіп жантаясың. Егер сіз осындай күйде жүрген болсаңыз, барлығы да дұрыс тамақтанбаудың әсерінен болуы мүмкін.
Мамандар энергияны тасытатын 3+3 азық-түлікке мыналарды жатқызған екен. Күні бойы шаршамай керісінше шапқылап жүріп жұмыс істегіңіз келсе, осы азықтарға басымдық беріп көріңіз. Бұл азықтар бойыңызға күш-қуат беріп қана қоймай, артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Сұлы
Көп адамдар энергиясы сарқылғанда шоколад жеуді әдетке айналдырған. Алайда бір түйір шоколадтың берген күші аз уақытқа ғана жететінін білесіз бе? Осы уақыт аралығында энергияңыз бірден түсіп, қайтадан сол шоколадты жегіңіз келіп тұрады. Шоколадтан гөрі сұлы пайдалы. Оның құрамында жай сіңетін көмірсулар бар. Осының арқасында сіздің энергияңыз ұзақ уақыт қызмет етіп, шаршап-шалдықпайтын боласыз.
Кешью жаңғағы
Күн сайын 1 порция кешью жаңғағын жеу арқылы саулығыңыз бен энергияңызды арттырасыз. Кешью жаңғағында майлар, көмірсулар, жасұнық пен ақуыз мол. Сондай-ақ, марганец, магний, мыс және т.б. минаралдарды да осы жаңғақтан алуға болады. Ғалымдар дәл осы металдар энергияны көбейтуге атсалысатынын анықтаған екен.
Әлсіздікті сезініп, күш-қуатыңыздың азайғанына көзіңіз жетсе, 1 уыс кешью жаңғағын жеп алыңыз. Бірақ көп жеуге болмайды. Артық тағам - артық салмақ болып жабысатынын ұмытпаған жөн.
Көк шай
Кофе ішсеңіз ұйқыңыз ашылып, жаныңыз жадырап қала ма? Сол секілді көк шай да осындай қасиетке ие. Оның құрамында да кофедегідей теин заты бар. Тіпті, көк шайды кофеден де пайдалы деуге болады. Себебі оның құрамында кофеин аз. Сондықтан да кофенікөк шаймен алмастыруды әдетке айналдырсаңыз, энергияның қайнар көзін таптым дей беріңіз!
Үрмебұршақ
Жасұныққа бай үрмебұршақ та адамның жалпы саулығына пайдалы азықтардың бірі. Бұдан бөлек, оның бойында антиоксиданттар мен ақуыздар, көмірсулар да жетерлік. Құрамында жай сіңетін көмірсулары бар кез-келген азық-түлік қандағы қант мөлшерін қалыпты етіп, ағзаны күні бойы энергиямен қамтамасыз етеді. Бұршақ тұқымдастардың барлығы нәрлі болып келеді, сондықтан да өзіңізге ұнайтын түрін таңдай берсеңіз болады.
Банан
Банан да энергияны тасытатын азықтарға жатады екен. Оның юбойында су аз, керісінше фруктоза, глюкоза, сахарозакөп. Ағзаға пайдалы калория беретіндігімен ерекшеленетін бұл жемісті күн сайын жеуге кеңес береміз.
Авокадо
Цитрусты жемістердің бірі авокадоның пайдалы екенін білетін боларсыз. Жасұныққа, нәрлі заттарға, дәрумендер мен фолий қышқылына бай жемісті қанша жесеңіз де семіріп кетпейсіз. Ең бастысы авокадода ағзаға энергия беретін қанықпаған майлар бар. Осы арқылы адам тез шаршауды ұмытып, күні бойы сергек жүреді.
Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:
І-ші қан ТОБЫНА жататындарға қатал диета ұстауға болмайды