​АЛЛЕРГИЯНЫ жеңгіңіз келсе, ЖАЯУ жүріңіз

0
3 213

Жаяу жүру - денсаулығыңыздағы көптеген мәселелеріңізді шешеді.


​АЛЛЕРГИЯНЫ жеңгіңіз келсе, ЖАЯУ жүріңіз

Жаяу жүру А пунктінен Б пунктіне жету үшін ғана қажет емес. Жаяу серуендеу денсаулықты нығайтуға көмектеседі. Ол үшін әдеттегі жұмысыңыздан кейін күніне 15 минутыңызды жаяу қыдыруға арнаңыз. Сол кезде ағзаңызға мынадай пайдасын тигізе аласыз.



Креативті болу және көтеріңкі көңіл-күй

Ең бастысы, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Күйбең тірлікті бір сәтке ұмытып, таза ауада серуендеу күйзеліске түспеудің ең тиімді жолы. Әрі сіздің бойыңыздағы қабілетті арттыру үшін де жаяу қыдыру пайдалы. Креативті, тың идея іздесеңіз, жаяу серуендеуді әдетке айналдырыңыз.


Аллергияның бірден-бір емі

Көктем басталғаннан аллергияға бейім адамдарда бірқатар қиындықтар туындап жатады. Өсімдіктерге, тозаңға, тағы да басқа табиғи заттарға аллергиясы бар жандар көбіне жабық орындарда, үйде болуға тырысады. Дегенмен, дәрігерлер керісінше, далада жүруге кеңес береді. Қанша қашқанымызбен аллергияны емдейтін табиғаттың өзі екенін айтады. Аллергия беретін дүниелерді жан-тәнімізбен жақсы көруіміз керектігін алға тартады мамандар. Сонда ғана ағзамыз, ішкі әлеміміз оны қабылдай отырып, біртіндеп емделе бастайды екен.


Қалыпты метаболизм



Метаболикалық синдром - жоғары артериялық қысым, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары ауруы, артық салмақ сынды бірқатар жайсыздықтардан тұрады. Мұндай дерттер көп жағдайда қозғалысы аз, офистік жұмыстармен айналысатын адамдар арасында жиі орын алып жатады. Күресу үшін аэробикалық жаттығулар көмектеседі. Ал, тегін түрі – серуендеу.

Жаяу жүру - жоғары айтылған дерттің алдын алып, салауатты өмірді ұстанудың бірден-бір жолы.


Тыныш ұйқы, есте сақтау қабілетінің мықты болуы

Жаяу серуендейтін адамдардың ұйқысы тыныш болады. Олардыңұйқысыздық дертіне шалдығуы екіталай. Ал, тыныш ұйқы толыққанды әрі сау өмір сүрудің негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар, серуендеу дененің ғана емес, мидың да жұмысын жақсартады. Есте сақтау қабілеті жақсара түседі. Альцгеймер ауруын болдырмауғакөмектеседі.


Көру қабілеті де жақсарады



Ерте ме, кеш пе, кез келген адамның көзінің көру қабілетінде өзгерістер болуы мүмкін. Бұл егде тартқан кісілер арасында жиі орын алып жатады. Ал, жаяу жүру жанарымызды жақсы сақтауға жәрдем етеді. Бірқатар зерттеулер тұрақты түрде серуендейтін адамдардың көру қабілетінің жақсы екенін, әрі сол қалыпта ұзақ жылдарға дейін сақталатынын көрсеткен.

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Дайындаған: Н.Налтай,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:

СӘБИ СҮЮГЕ көмектесетін ЖАТТЫҒУ - "емдік гимнастика"

Фитнестің АЛТЫН ҚАҒИДАСЫН білесіз бе?