Аяғыңызды 20 минут көтерсеңіз 5 АУРУДАН құтыласыз

0
21 971

Аяқты күнделікті көтеріп жату арқылы қалтаңыздан ақшаңыз да, қымбат уақытыңыз да кетпейді.


Аяғыңызды 20 минут көтерсеңіз 5 АУРУДАН құтыласыз

Мүмкін, күнделікті 20 минут аяғыңызды көтеріп жату соншалықты пайдалы деп ойламассыз. Бірақ сол 20 минут сіздің бойыңыздағы бірнеше дерттің дендеуінен сақтайды десек, сенесіз бе?


Аяқты күнделікті көтеріп жату арқылы қалтаңыздан ақшаңыз да, қымбат уақытыңыз да кетпейді. Оны жаттығу емес, емдеу десе де болады. Себебі аяқты көтеріп жату сізден физикалық күшті талап етпейді. Дұрысы, оны йогаға теңеу керек. Мамандар оның денсаулыққа тигізер бірнеше пайдасын айтады. Сіз де мұны біле жүріңіз.

Жүректің жұмысы туралы бір сәтке болсын ойланып көрдіңіз бе? Күніне қаншама жұмыс атқарады. Бойыңыздағы қанды айдап, тырнақ ұшына дейін жетуін қамтамасыз етеді. Кейде қан айналымы өз жұмысынан "жаңылып", аяқта варикоз пайда болуы мүмкін. Сізде де келеңсіздік байқалса бірден аяқты көтеріп жатыңыз. Жаттығумен денеңіз сұлуланып не болмаса аяғыңыз әдемі болып кетпейді. Алайда аяқтағы тамырлардың кеңеюінің алдын алады.


Жаттығу қалай жасалады?



Шалқаңыздан жатып, аяғыңызды жоғары көтеріп, қабырғаға тіреңіз. Сонда денеңіз жерде, ал аяқтарың тікесінен тұруы керек. Денені осы қалыпта 20 минут ұстап тұрыңыз. Қолдарыңызды барынша еркін ұстаңыз. Басқа ешбір қимылды қайталаудың қажеті жоқ. Бойыңыздағы тепе-теңдікті сақтап, өзіңізді тыныш әрі жайлы сезініңіз.

Бұл қалыптан шығу үшін алдымен тізеңізді көкірегіңізге қарай тартып, бүйірге қарай аунаңыз.

Жаттығуды орындау үшін міндетті түрде жеңіл әрі қолайлы киім таңдаңыз. Белді қысып тұратын резеңкелі киім кимегеніңіз абзал. Мұндай киім жаттығудың пайдасын жоққа шығарады. Өйткені жаттығудың негізгі мақсаты қаннның ағзада айналуын дұрыстау. Ал резеңке қанның айналуына бөгет болады.



Аяқты жоғары көтеріп жатудың 5 пайдасы


1. Аяқ ісінуін төмендету

Аяқ ісінуі көбенесе қан айналымның дұрыс болмауынан пайда болады. Кейде бүйрек, жүрек пен артық салмақтың салдарынан да ісініп кетуі мүмкін. Сол себептен, ең алдымен аяқтың ісінуінің себебін анықтап алған жөн. Кейін оның еміне аяқты көтеріп жату жаттығуын да қосу керек.



2. Аяқтың ауырғанын басады

Күні бойы тік тұрып жұмыс істейтін жандардың түнде аяқтары ауырады. Олар да осы әдісті қолданып көрсе, тартылыс күші аяғындағы ауруды қалай басқанын байқамай қалады. 20 минуттық жаттығу аяқты жеңіл қалыпқа түсіреді.


3. Ас қортытуды дұрыстайды

Егер аяқ бастан жоғары тұрса, бұл сұйықтықтың ағзада жиналып қалуымен ғана күреспей, асқазанның жұмысына да әсер етеді. Ішектердің қозғалысын реттеп, астың қорытылуын жақсартады. Іш қату сынды мәселе де оң шешімін табады. Ішкі ағзаңызды тазалағандықтан, жүзіңіз де құлпыра түседі.


4. Жүйке жүйесін тыныштандырады

Жаттығу тыныс алуды да қалыпқа түсіреді. Дененің осылай тұрысы барынша көп ауа жұтуға көмектеседі. Мұның нәтижесі біз бірқалыпты тыныс ала бастаймыз. Бұл жүйке жүйесіне де тынышытық сыйлап, іш, мойын бұлшықетіне түсетін күшті басады.


5. Жан тыныштығы

Жаттығу мидың оттегімен барынша толтырып, оны тыныштандырады. Тән мен жанда тыныштық пен үйлесімділік орнайды. Жаттығуды күн сайын жасасаңыз, көп өтпей-ақ жағдайыңыздың жақсара түскенін байқайсыз.


ЕСКЕРТУ! Егер сіздің беліңізде жарақат болса, бұл жаттығуды жасамағаныңыз дұрыс. Мұндай кезде өзіңізге ыңғайлы болуы үшін белңізге жастық қойып жасау ұсынылады.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


САУСАҚТЫ осылай ұстасаңыз НӘТИЖЕСІ таңғаларлық болады


АРҚАҢЫЗ ауырса БІР ғана жаттығу сауықтырады