Аяқтың БІР НҮКТЕСІНЕ массаж жасап 100 ауруды емдеуге болады

0
23 541

Адам денесіндегі ең маңызды нүктенің бірі – «100 аурудың нүктесі».


Аяқтың БІР НҮКТЕСІНЕ массаж жасап 100 ауруды емдеуге болады

Денсаулықты сақтау және оны күшейтудің жолын жетік меңгерген деп жапон ұлтын айтуға болады. Жапон қарияларының ғасырдан аса ғұмыр кешетіні де олардың саулығына бей-жай қарамағандығынан болар. Тіпті олардың аңыздарында да денсаулықты сақтаудың қыр-сыры туралы жазылған. Сондай бір аңызда әкесінен ұзақ жыл өмір сүрудің сырын білген бала жайлы баяндалады. Әкесі бір нүктеге массаж жасап, 100 аурудан айығуға болатынын айтқан. Жігіт күн сайын массаж жасап, бірнеше императордың көзін көріп, 100-ден асқанда өмірден озыпты деседі.

Иә, массаж Шығыс халықтарына ертеден таныс дүние. Ертеде, әсіресе, нүктелі массаж маңызды саналған әрі ол бүгін де өз маңызын жоғалтпаған. Массаж мамандары адам денесінде 365 нүкте және маңызды 12 сызық барын айтады. Нүктелердің әрбірі денеміздің бір бөлігімен, немесе бір ағзамен байланысты. Біз саусақтарымызбен сол нүктелерге массаж жасау арқылы ағзамызға әсер ете аламыз. Бұл акупрессура (нүктелі массаж) деп аталады.

Шығыс халықтары нүктелі массаждың бойға қуат беретініне сенеді. Олардың айтуынша, ең маңызды нүктенің бірі – Цзу-сан-ли (ST 36). Оны «ұзақ жасау нүктесі» немесе «100 аурудың нүктесі» деп те атайды. Нүктеге жасалған қимыл арқылы тәнді жасартуға болады.

Нүктені табу үшін тізеңізді алақаныңызбен жабыңыз, шынашақтың ұшында, екі сүйектің арасындағы шұңқыр – сол нүкте.





Цзу-сан-ли нүкесін табудың видеосын мына жерден көре аласыздар.


Қандай ағазаларға әсер етеді?

«100 ауру нүктесі» адам денесінің төменгі жағында оналасқан ағзалардың жұмысына жауап береді. Асқазан-ішек жолы, жыныс мүшелері мен бүйрек, бүйрек үсті безінің жұмысына әсер етеді. Массаж жасай отырып азғазымздағы ең мықты бездің бірі - бүйрек үсті безінің жұмысын жақсартасыз. Денсаулықтың қорғаны саналатын без адреналин, гидрокортизон т.б. сынды маңызды гормондар бөледі.


Нүктеге күнделікті массаж жасасаңыз ағзаңызға мынадай пайдасы бар:

  • Қан қысымын қалыпты етеді
  • Глюкоза мен инсулиннің деңгейін қалыпқа түсіреді
  • Иммунды жүйені реттейді
  • Ас қортуды дұрыстайды
  • Асқазан-ішек ауруларын жазады
  • Инсульттің салдарын жеңілдетеді

Массаждан кейін тәніңіз ғана емес, жаныңыз да жайлылық сезіледі. Көптеген адамдар күйзелістен арылып, ішкі жан тыныштығы орнағанын айтады. Сонымен қатар, мұндай әдіспен ықылық, іш қату, гастрит пен дәретті ұстай алмау сынды жағымсыз жайттардан да біржола арылуға болады екен.


Массажды қалай жасайды?

Нүктеге таңғы асқа дейін масссаж жасаған дұрыс. Саусағыңызды сағат тілі бойынша 9 рет айналдырасыз. Әр аяққа осылай жасайсыз.

Массаж жасамас бұрын ыңғайлы отырып алыңыз. Денеңізді бос ұстағанаңыз жөн.

Тыныс алуыңыз бір қалыпты болсын. Өзіңізді емдейтініңізді сезініңіз.

Нүктеге күн сайын массаж жасауды әдетке айналдыру қажет. Әсіресе, жаңа ай туған кезде жасау - нәтижелі болады. Жаңа ай туған уақытта алғашқы 8 күн таңертең әр аяққа сағат тілі бойымен массаж жасаңыз. Бұл барлық ағзаның жұмысын жақсартып, иммунитетті күшті етіп, картаюды тежейді.

Түскі уақытта жасалған массаж есте сақтау қабілетін арттырып, жүрек-қантамырлар мен асқорыту жүйесін жақсартады.

Түстен кейін жасалған массаж күйзелістен құтылуға, бас ауруы мен ұйқының бұзылуын реттейді.

Кешкі уақытта жасасаңыз, ас қорытуды дұрыстап, артық салмақтан арылуға септігін тигізіп, апта сайын 400-500 граммнан жоғалтасыз. Бірақ массажды ұйқыға жатардан алдын жасамаған дұрыс. Себебі массаж ұйқыны қашырады.


(Сурет ашық дереккөздерден алынды)

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


БЕЛ БҰЛШЫҚЕТІ арқылы БҮКІЛ ауруды ЕМДЕЙСІЗ


Қолды АРЫҚТАТУҒА АРНАЛҒАН ең нәтижелі 5 жаттығу