Диабетті асқындырмау үшін жасалатын жаттығулар бар. Күнделікті 15 минут уақыт бөліп отыру жеткілікті.
Сурет: tn.fishki.net
Қант диабетімен ауыратын жандарда ағзаның барлық жүйесі зақымданады. Әсіресе, ең ауыр асқыну табанға беріледі. Асқынуды болдырмау үшін алдын-ала жасалатын арнайы жаттығулар бар. Ол үшін күнделікті 15 минут уақыт бөліп отыру жеткілікті.
Бастапқы қалып барлық жаттығулар үшін бірдей: өзіңізге ыңғайлы жерге орындыққа отырып алыңыз, арқаңызды тіреп, тік ұстаңыз. Әр жаттығуды 10 реттен күнделікті жасаңыз.
1-жаттығу: Орындыққа түзу отырып, оң аяқты орнынан сәл көтереміз. Арқаны мейлінше тік ұстап отыру үшін аяқты ақырындап қана көтерген ыңғайлы. Осы қалыпта 5-10 секунд жасасаңыз жеткілікті. Одан әрі сол аяқпен қайталау керек. Жаттығуды барынша дұрыс жасау үшін екі алақаныңызды саныңызға қойыңыз. Екі аяқпен кезек-кезек 10-15 рет қайталасаңыз болады.
2-жаттығу: Аяқтың ұшын және өкшені кезек-кезек көтеріңіз.
3-жаттығу: Өзіңізді бұтаққа қонғысы келген құс сияқты сезініңіз. Аяғыңыздың саусақтарын бүгіп, қайта жазыңыз.
4-жаттығу: Өкшені көтеріп, айналдырыңыз. Сол аяқтың өкшесін сағат тіліне кері айналдыру керек, ал оң аяқты сағат тілімен айналдырасыз.
5-жаттығу: Бұл жолы аяқтың ұшын көтеріп, айналдырыңыз. Сол аяқтың ұшын сағат тіліне қарай, ал оң аяқтың ұшын сағат тілімен айналдырасыз.
6-жаттығу: Бірнеше қадамды тізбектеп жасаңыз. Алдымен алға, кейін артқа.
7-жаттығу: Өзіңізді айбынды сарбаз сезініп көріңіз. Екі аяқты да жоғары көтеріп, аяқтың ұшын өзіңізге қарата тартыңыз.Ауырсынуды сезген кезде босатыңыз.
8-жаттығу: Өзіңізді керемет әйел сезініңіз. Орамал сынды жеңіл, кішірек затты жерге қойып, оны аяқтың саусақтарымен қысып көтеріңіз.
9-жаттығу: Оң қолыңыздың саусағы мен сол аяғыңыздың саусақтарын бір-біріне айқастырыңыз. Аяқтың саусақ ұшын жоғары көтеріп, кейін төмен түсіріңіз. Кейін сол аяқ пен оң қолдың саусақтарын айқастырып, жаттығуды қайталаңыз. 10 реттен жасаңыз.
10-жаттығу: Еденге газет төсеп оны аяқпен жинап, шар жасаңыз. Кейін сол шарды қайта жазып, бстапқы қалпына келтіруге тырысыңыз. Аяқпен жыртып тастасаңыз да болады.
11-жаттығу: Жоғарыдағы жаттығуларды жасап болған соң өзіңізді мақтан етіңіз. Ол үшін оң аяғыңызбен сол аяқты сипалап өтіңіз. Кейін аяқтарды ауыстырыңыз.
Жоғарыда атап өткен орындықпен жасалатын жаттығуларды кез келген адамға жасай беруге болады. Әсіресе қант диабетіне шалдыққан егде жастағы кісілерге еш зияны жоқ. Бұл жаттығулар аяқтағы қан айналымды жақсартады. Алайда қан айналымында айтарлықтай бұзылысы бар жандарға (мысалы, гангрена немесе жай тұрғанда ауырсыну болса) жасауға болмайды. Қандай жағдайда да жаттығуды бастамас бұрын ең алдымен дәрігердің кеңесін алу ұсынылады.
Қант диабетімен ауыратын жандарға мыналарды да жасау пайдалы:
- Жылдам жүру - аптасына 5 рет, 30 минуттан
- Тай-чи - қарт адамдарға да айналысуға болатын спорт түрі
- Жүзу - аптасына 3 рет, 10-30 минут аралығы
- Орындықпен жасалатын жаттығулар - мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиімді
- Йога - жеңіл жаттығулар түрімен айналысу
Аударған; Э. Базарбаева,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: