3 жастағы баланың лексикасында 900-1000 cөзгe дeйін болуы қажет екенін білесіз бе?
Балаңыздың сөйлеуі кеш дамып жатыр ма? Әлі сөйлей алмай ма? Сөздері анық емес, түсініксіз бе? Қатарластарымен салыстырғанда өз ойын толық жеткізе алмай ма?
Бұған немқұрайды қарамаңыз. Өйткені бұл баланың оқу үлгерімін, есте сақтауын төмендетеді, өзін сыныптастарынан төмен санайтын болады. Сондай-ақ сөйлеудегі, тілдегі бұзылыстар белгілі бір аурудың белгісі болуы да мүмкін.
Сондықтан да «Әкесі кеш сөйлеген», «Атасы да кеш сөйлеген екен, генінде бар» т.б. деп уақытты өткізіп алмаңыз. Логопед, дефектолог мамандарына барып, ақыл-кеңес алыңыз.
Ал біз көп ата-ананы ойландырып жүрген сұрақтарды Шымкент қаласындағы «Сана» коррекциялық түзету орталығының негізін қалаушы дәрігер, қазақ тілімен қатар орыс тілінде де балалармен жұмыс жасайтын тәжірибелі дефектолог-логопед Мамырова Сана Ердаулетқызына (Инстаграм парақшасы: @sana.logo.kz) қойдық.
Сана Ердаулетқызы, сұрағымызды баланың кеш сөйлеуінің басты себептерінен бастасақ.
- Бала тілінің кеш шығуының басты себептеріне мыналар жатады:
- Жүктілік кезінде ананың күйзелісте болуы;
- Тұқымқуалаушылық фактор;
- Таңдайда не ерінде жырықтардың болуы;
- Дыбыс шығару жүйесінің жұмыс істемеуі;
- Ауыз қуысы бұлшықеттерінің әлсіздігі, дұрыс жетілмеуі;
- Баламен сөйлеспеу (ата-ананың баламен әңгімелеспеуінен, қарым-қатынастан оқшаулауынан баланың тұйықталуы);
- Қатты қорқып қалудан болған тұтығу;
- Өзге аурулардың, қолданған дәрі-дәрмектердің әсері.
Жалпы, бала неше жаста анық сөйлеуі керек? Мысалы, бір жастағы бала неше сөз білуі тиіс? Нормалары бар ма?
- Әр бала өз ағзасына, ортасына, конституциясына байланысты ерекше! Бірақ даму нормалары баланың өз жасына лайық болғаны абзал. Мысалы: 1 жастағы бала кемінде 10-15 сөзді айта алуы қажет. (Мама, папа, бер, ал, ням-ням, жим, чупа, би-бип т.с.с.)
1,5 жастағы баланың лeкcикaсындa 5-20 cөз бoлады, нeгізінeн зaт есім. Ал 2 жастағы бала біртіндеп екі сөзді сөйлем құрастыра бастайды. Бұл сөйлемдер – көбінесе субъект пен оның әрекеті («мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті («мама, берші») немесе әрекет және әрекет орны («кітап анда»). Ол шылауларды (жанында, қасында, үстінде т.б.) қосып айта алады. Норма бойынша, 2 жастағы баланың белсенді лексикасында 100-300-дей сөз болуы қажет.
3 жастағы бала есімдіктерді (ол, мен, сен), дeнe мүшeлepін дұpыc aтayы жәнe көpceте білуі тиіс. Лексикасында 900-1000 cөзгe дeйін болуы қажет.
4 жастағы бала жypнaлдapдaғы нeмece кітaптapдaғы тaныc жaнyapлap мeн түpлі зaттapдың aттapын біледі. Суреттерге қарап «үлкeн», «кішкентай», «көп» деп, олардың apaқaтынacын ажырата алады. Әpтүpлі бyындapды, дыбыcтapды, cөз тіpкecтepін жәнe cөздepді жиі қaйтaлaйды.
5 жастағы бала cипaттaйтын cөздepді – үcтeyлep мeн cын ecімдepді зат есімге қосып қoлдaнады. Кeйбіp apтикyляциялық пpoблeмaлapдың бoлyынa қapaмacтaн, оның cөзі еpeceктep үшін 100% түcінікті. Toғыз cөзгe дeйінгі cөйлeмдepді қaйтaлaй алады, тұpмыcтық зaттapды aтaй біледі жәнe oлapдың нe үшін қaжeт eкeнін түcінеді. Бүгінгі, кeшeгі және epтeңгі ұғымдapды aжыpaтады.
- Егер баланың даму нормасы бұған сәйкес болмаса, сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы қандай болуы керек?
- Алғашқы қадам – маманға жүгіну. Өйткені, баланың сөйлеу тілі дұрыс қалыптасу үшін, артикуляциялық аппарат қалыпты қызмет етуі қажет. Баланың тыныс алуы, дыбысты қабылдай алу қабілеті дұрыс болуы керек. Психо-эмоционалдық күйі қалыпты болғаны жөн. Бұны логопед-дефектолог маман анықтап, нақты диагноз қояды. Маман қай бағытта жұмыс жасау қажет екенін айтады. Ал балаға уақытылы көрсетілген жүйелі, үздіксіз, сауатты маман көмегі кез келген диазноздан арылуға мүмкіндік береді.
Логопедтен бөлек, үй жағдайында ата-ана тарапынан қандай қадамдар жасалуы қажет?
- Ең бірінші балаңызбен көп сөйлесіңіз. Өкінішке орай көп ана әлі кішкентай бәрібір түсінбейді ғой деп сөйлесуді жөн көрмейді. Бос уақытында тек телефон беріп қояды немесе теледидардың алдына отырғызып мультфильм қойып береді. Баланың үндемей бір өзі ұзақ теледидар алдында отыруы дұрыс емес.
Күнделікті өмірде жасап жатқан іс-әрекетіңізді балаға айтып отырыңыз. Мысалы, аяқ киімді киеміз, тамақ жейміз, кел секіреміз, отыр т.б. Сонымен бірге заттарды көрсетіп атауын айтып отырыңыз. Мысалы, мынау балмұздақ, бұл сиыр, анау шаңсорғыш.
Қол моторикасын дамытыңыз, нейрожаттығулар, саусақтық ойындар (қуырмаш) қамырмен, слайм немесе пластилинмен ойнау.
Денесін шынықтырыңыз, әткеншекке тербетіңіз, текпешектен шығып түсуге үйретіңіз, батутқа секіртіңіз. Бала өз денесін жақсы сезе алуы қажет. Баланың ритмді, музыканы, дыбысты дұрыс естуін бақылаңыз. Балаңызбен ритмді әндерді айтып, биленіз, жан жануарларға еліктеу ойындарын бірге ойнаңыз.
Ойын арқылы да баланың сөйлеуін дамыта аламыз ба?
- Балалар жазушысы К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Байқасаңыз, балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды, тіпті жалғыз өзі ойнаса да сөйлеп жүреді. Әсіресе, еліктеу ойындары баланы сөйлеуге үйрететін ең керемет әдіс. Ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.
Осы орайда қандай ойыншықтарды ұсынар едіңіз?
- Жан-жағындағыны енді ғана көріп-біліп жатқан баланың психикасына, ойлау қабілетіне ең алдымен әсер ететіні – қолындағы ойыншығы. 3-5 жас аралығындағы балалар үшін пайдалы 5 топ ойыншықтың түрін атай алам.
1. Құрастырмақтар. Түрлі фигуралармен кез келген форманы құрастыру кішкентайыңыздың ой-өрісін, есте сақтау қабілетін арттырып, саусақтарын дұрыс жұмыс істеуге икемдейді. Бір ғана құрастырмақ ойыншығынан балаңыз бірде зәулім сарай жасап ойнаса, енді бірде көлік, құс-жануарлар т.б. құрастыратын болады.
2. Пазлдар. Бұны баланың жасына қарай таңдау керек, тым ұсақ пазлдар баланы тез жалықтырады.
3. Ақыл-ойды дамытушы ойыншықтар. Олардың түрі көп: санамақтар, ойыншық жұмсақ-кітаптар, түрлі пішіндер т.б. Түстер мен пішіндерді ажыратуға, санауды, әріптерді үйренуге, белгілі бір тапсырмаларды орындауға құрылған мұндай ойыншықтар балалардың ақыл-ойын дамытып, есте сақтау қабілетін арттырады. Ойын барысында әр кезеңнен өте отырып, кішкентайлар жеңіске, алға ұмтылатын болады.
4. Құмда ойнайтын ойыншықтар. Күн жылыда балаңыз бұл ойыншықтармен есік алдындағы құмда ойнаса, қыстыкүні қар күреп, сізге «қолғабыс» жасамақ. Бұл да – еркеңізді еңбекке баулитын ойыншықтың бірі.
5. Жануарлар, құстар. Ненің не екенін танып білуде мұндай ойыншықтардың маңызы зор. Жан-жануар, аң-құс, төрт түлік, төлдерімен болса, тіпті жақсы.
Ал сіздің орталығыңызда балаға дыбысты дұрыс шығаруға үйретуде қандай әдістерді көп қолданасыздар?
- Біздің логопедиялық орталықта тек дыбысты дұрыс шығаруға үйретіп қоймаймыз, балалардың назарын, ойлауын, зейінін және моторикасын қатар дамытамыз. Айтылғандардың барлығы толық білім беру кезеңінің негізі болып табылады.
Біз өз жұмысымызда заманауи технологиялар мен әдістерді қолданамыз. Олар: нейрологопедиялық сабақ, түзете дамыту сабақтары, ТКМП (Транскраниалды микрополяризация), БОС аппараттары, баланс терапия, интерактивті метроном, артикуляциялық жаттығулар, логомассаж.
Логомассаж түрлері интернетте көп. Баланы сөйлету үшін ата-ана логомассаждарды үйде өз бетінше жасаса нәтиже бола ма?
- Әлеуметтік желіде логопедиялық массаждың тіс щөткесімен, чупа-чупспен, зонттармен жасалынатын видеонұсқасы көп. Бірақ логомассажды маман кеңесінен соң жасаған дұрыс. Өйткені баланы сөйлететін – логомассаж емес. Логомассаждан кейін бала сөйлеп кетеді деп ойлау – қате. Ол тек артикуляциялық аппараттың функционалды қызметіне әсер етеді, бұлшықет тонусын қалыпқа келтіруге (босату, қатайту) мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, логомассаж – бұлшықетке әсер ететін рәсім. Логомассажды дыбыстарды дұрыс айту, анық қою үшін қолданады.
Сонда логомассаж кімдерге ұсынылады?
- Логопедиялық массаж дизартрия, ринолалия, механикалық дислалия, тұтығу диагнозы бар балаларға ұсынылады. Дұрыс түсініңіз, аталған диагноздың бәрі де тілдің бұзылуы емес, сөйлеудің бұзылуы. Бұлар дыбыс шығарудың кейінгі кезеңдерінде пайда болады.
Түсінік болу үшін, дизартрияның себебі мен түріне байланысты жиі кездесетін бұзылыс белгілерін айтайын: Бет, ерін және тіл бұлшықеттерін қозғау қиын; Нашар айтылу; Монотонды просодия; Тембр өзгертілді; Тым баяу немесе жылдам сөйлеу; Мұрын немесе қырылдаған дауыс; Шамадан тыс жоғары немесе төмен дыбыс деңгейі; Реттелмеген ырғақ (мысалы, сынған сөйлеу); Ассоциацияланған тыныс алу қиындықтары; Ауыздан сілекейдің ағуы т.б.
Яғни, бала сөйлей алады, бірақ кейбір дыбыстарды анық, дұрыс, жылдам айта алмайды, дыбыстардың кейбірін "жеп" қояды. Осындай бұзылыстары бар балалардың артикуляторлық мүшелерін логопед тексеріп, содан соң ғана логомассаж түрін дайындайды. Өйткені, судорогы, эпилепсиясы, мұрыннан қан кету, құсу, тұмау сияқты аурулары, ернінде герпес бар балаларға үй жағдайында логомассаж жасау қауіпті. Сондықтан да мен үнемі логомассажды тек маманның кеңесінең соң қабылдаған жөн деп айтамын.
Ал артикуляциялық жаттығуларды ше?
- Артикуляциялық жаттығулар да баланың жасына және шыдамдылығына байланысты ұсынылады. Жеңілден күрделіге қарай, ең алдымен тіл бұлшықеттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Мұнда да баланының қазіргі даму деңгейін, артикуляциялық аппараттың жағдайын, даму ортасын анықтап дұрыс диагноз қойып алу маңызды. Өйткені, кей жағдайда бала дамуы қалыпты, тек өзінің жеке тұлғалық ерекшелігін ескеретін жағдай болуы мүмкін, ал кей жағдайда тілінің кешеуілдеуі бала денсаулығының ақаулығының көрсеткіші болуы мүмкін. Сол себепті міндетті түрде маманмен кеңескен жөн. Маманмен бірлесе жұмыс жасағанда ғана жылдам әрі керемет нәтижеге жетуге болады.
Пайдалы ақыл-кеңесіңізге рақмет.
Ал оқырман, балаңыздың сөйлеуіне байланысты мәселе, сұрақтарыңыз болса, кәсіби маман Сана Ердаулетқызына хабарлассаңыз болады. Кеңес алу үшін байланыс нөмірі: 8-778-369-11-02.
Сұқбаттасқан: Жазира СМАҒҰЛОВА,
Тағы да оқыңыз:
Күні бойы күш-қуатыңызды тасытатын 10 минуттық СУПЕР жаттығу
ЕКІ-ақ МИНУТ жаттығу жасап, ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫН реттей аласыз