​ӨТ пен БАУЫР ауырса, мына 5 жаттығу КӨМЕКТЕСЕДІ

0
1 050

Жаттығулар жиынтығын жасай отырып бауырды, өтті және ұйқы безінің жұмысын реттеуге, қан айналымды жақсартуға болады.


​ӨТ пен БАУЫР ауырса, мына 5 жаттығу КӨМЕКТЕСЕДІ

Панкреатит пен холецистит – бұл аурулар көбіне бір-біріне ілесіп жүреді. Кей жағдайда холецистит панкреатитке себеп болады. Көп жағдайда екеуіне тән ауру белгілері бірдей болып келеді.

Аталған сырқаттарды емдейтін арнайы дәрі-дәрмектер мен диетадан өзге, физикалық жаттығулар да жақсы көмектеседі. Жаттығулар жиынтығын жасай отырып бауырды, өтті және ұйқы безінің жұмысын реттеуге, қан айналымды жақсартуға болады. Жаттығуды кез келген уақытта жасай беріңіз. Тек өтте тас болса және панкреатит пен холециститің асқынған түрінде мүлде жасауға болмайды.
Ұйқы безі мен өтке арналған жаттығулар жаймен, бірсарынды, оқыс қимылсыз жасалады. Егер жаттығулардың бірі қан қысымын көтеріп немесе жайсыздық туғызса, онда бірден тоқтату керек. Жаттығуды тегіс, қатты жерде және басыңызға кішкентай жалпақ жастық қойып жасаған жөн.

1-жаттығу
Тегіс жерге шалқалай жатып, қолды төмен түсіріп, тізені бүгіп, аяқты жинаңыз. Жинаған аяқты жаймен ішіңізге қарай барынша, тарта алғаныңызша тартыңыз. Осыдан кейін ешқандай артық қимылсыз, жаймен аяқты төмен еденге түсіріңіз. Бұл жаттығуды 5 тен 10 ға дейін жасаңыз.

2-жаттығу
Шалқалап жатқан күйі қолыңызды шүйдеге қойыңыз, бірақ айқастырмаңыз. Оң қолдың шынтағын сол аяқтың тізесіне тигізіңіз. Оң аяқты көтеріп, сол аяғыңызды төмен түсіріңіз. Көтерген аяқтың тізесін сол қолдың шынтағына тигізіңіз. Шүйдені қолмен көтермеңіз. Қол жай ғана шүйдеге тиіп тұрса болғаны. Жаттығуды әр аяққа 4-6 дан жасау керек.

3-жаттығу
Жатқан қалпыңызда қолды шүйдеге қоямыз. Басты көтеріп, аяқты жинап жаймен өзіңізге тартып шынтаққа тізеңізді тигізіңіз. Аяқты, басты бастапқы қалыпқа келтіріңіз. Жаттығуды 4 немесе 8 мәрте жасау керек.

4-жаттығу
Бұл жаттығу алдыңғыларына қарағанда қиындау. Егер жасыңыз 60-тан асқан болса, онда қан қысымыңыз көтеріліп кетуі мүмкін. Сондықтан жаттығуды абайлап жасаңыз немесе жай ғана жасамай-ақ қойыңыз. Тегіс жерге екбетіңізден жатыңыз, аяқты қосып, қолдарды төмен қарай созыңыз. Жаймен кеудені жоғары көтеріңіз, мүмкін болғанша жауырынды бір-біріне жақындатыңыз. 5-10 мәрте жасаңыз.

5-жаттығу
Аяғыңызды астыға қарай жинап отырыңыз, қолды қабырға астына қойып, ішпен дем алыңыз. Терең тыныс алған кезде ішіңіз қампаятын болсын, ал демді шығарып жатқанда қабырға астын қолмен жай басыңыз. Мұндай тыныс алу жаттығуын 5-12 рет қайталаңыз.
Аурудан толық арылу үшін жаттығу жасау ғана жеткіліксіз, сонымен бірге дұрыс тамақтану керек.

Аударған: Э. Базарбаева,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ІШТЕГІ МАЙдан орындықта ОТЫРЫП-АҚ арылыңыз