САЛБЫРАҒАН қабақты отасыз-ақ КӨТЕРУГЕ болады

0
10 895

Бұл әдіс әжімді де кетіріп, көз айналасын аз уақытта-ақ жасартады.


САЛБЫРАҒАН қабақты отасыз-ақ КӨТЕРУГЕ болады

Фото: lastinglooks.ca

Жүзіңіз қаяулы, шаршаңқы көрінбес үшін бірден косметологқа жүгірудің қажеті жоқ. Мұндайда алдымен теріні қалыпқа келтіруде табиғи тәсілдерін қолданған жөн. Мәселен – фейсфитнес.

Жас ұлғая келе адамның беті де қартая бастайды. Маңдайдағы қыртысты кекілмен жапсаңыз да, салбырап кеткен қабақты жасыра алмайсыз. Ол сізді көңілсіз әрі қартайтып көрсетеді. Бірақ оны қалыпқа келтіруді жолы бар. Табиғи жолмен жасаруды үйрететін жаттықтырушы мамандар ұсынған 5 нәтижелі жаттығуды ұсынамыз.


Жоғарғы қабақтың төмен түсу себептері: адамның туғаннан бар ерекшелігі, ісік, беттің бұлшық еттерінің қалпы немесе шамадан тыс тырысуынан болуы мүмкін.

Қабақтар бұлшықеттер әлсірегенде салбырай бастайды. Қабақ төмен түсіп, сонымен бірге тіндерді, соның ішінде терінің тіндерін де тартып кетеді. Туғаннан түсіңкі қабақтарды 30-50%-ға көтеруге болады, ал қандай себеппен болса да бертін келе түскен қабақтарды 80-10%-ға көтеруге болады дейді мамандар.

Бастысы – дұрыс жаттығу таңдай білу керек. Егер жаттығулар дұрыс жасалынса, қан айналымы жақсарады да, соған байланысты тері де серпіндірек бола бастайды. Егер жаттығудың дұрыс жасалынуына күмәндансаңыз, маманға жүгінгеніңіз жөн.


Қыздыру



Қыздыру беттің бұлшықеттерді қыздырып, қан айналымын жақсарту үшін қажет. Айнаның алдына отырып, көзіңізді кеңінен ашыңыз, маңдайыңызды, тыржитпаңыз. Көзіңізді айналдырып, жан-жаққа қараңыз, оңға солға 30 секунд. Сонан соң тез жыпылықтатыңыз да,бұл да 30 секунд. Қыздыру аяқталды, енді жаттыуға кірісеміз.


Маманның ескертпесі

Сапалы нәтиже болуы үшін мойын бөлімі мен йық белдеуіне қыздыру жасаңыз. Мойын – бас пен дененің ортасындағы көпір. Қазір «гаджет ауруы» кеңінен таралған. Нәтижесінде мойын алға созылып, бас төмен түскен. Тамырлар қысылып, тіндердің қоректенуі нашарлайды. Біздің мақсатымыз – бұлшықеттердегі қан айналымын ретке келтіру. Бұл әдетте жаттығулардың сапасын күшейтеді.


1 жаттығу



Көзіңізді кеңірек ашыңыз. Көз алдыңызда бір нүктені белгілеп алып көзқарасыңызды соған бағыттаңыз. Қабағыңызға түскен салмақты сезініңіз. Ойша беске дейін санаңыз. Көзіңізді жұмыңыз, бірақ сығырайтпаңыз, осылай беске дейін санаңыз. Жаттығуды тоқтаусыз он рет қайталаңыз.

Маңдайыңыздың тырыспауын қадағалап отырыңыз. Уақыт өте келе жаттығуды бестен 30 секундқа дейін көтеруге болады. Көзден жас шықпауы үшін жыпылықтатуды ұмытпаңыз.


2 жаттығу




Сұқ саусақтарыңызды қастың ең жоғарғы жағына қойыңыз. Қасыңызды екі секундқа көтеріңіз де, бұлшықеттердің жұмыс істегенін сезініңіз. Дегенмен ұқыптырақ болған жөн. Себебі мұрында қыртыстар болмауы керек. Қасыңызды тағы да он рет көтеріп, он секунд демалыңыз. Тағы да екі рет осы жаттығуды қайталаңыз.

Екі қас аралығнда жара бар жандарға немесе ауырсыну болса бұл жаттығуды жасауға болмайды. Жаттығу кезінде қастың қысылуына жауапты бұлшықеттер үнемі тарылу болады және жаттығу оны күшейте түседі. Ал қастың бас жағынан ортасына дейін айналдыра уқалау тарылуды кетіріп, бұл аймақтағы қысылуды тоқтатады.


3 жаттығу



Ортаңғы саусақтарыңызды мұрыннан көздің ішкі бұрышына жақын қойыңыз. Сұқ саусақтарыңызды қаздың аяғы тәрізді қойыңыз.

Көзіңізді жұмып, саусақтарыңызбен теріні жеңіл басыңыз. Сіз айналмалы бұлшықеттің керілуін сезінуіңіз керек. Осы қалыпта 40 секунд үстаңыз. 15 минут демалып, тағы да екі рет қайталаңыз.

Саусақтарыңызды көздің бұрышына өте ұқыпты қойыңыз. Егер қолдарыңыз күшті болса, саусақтарыңыздың жан-жағына тарап кетпеуін, көздің айналасындағы жұқа теріні тартып кетпеуін қадағалаңыз. Көзді жұмғанда шамалап күш салыңыз, бірақ баспаңыз.


4 жаттығу



Көзіңізді жауып, сұқ саусақтарыңызды жоғарғы қабағыңызға қойыңыз.

Саусақтарыңызбен қарсылық көрсете отырып, көзіңізді ашуға тырысыңыз. Сол кезде қабағыңыздың тырысқанын байқайсыз. 20 рет жасап, 10 секунд демалыңыз. Тағы да екі рет қайталаңыз.

Бұл да бірінші әдісі сияқты жоғарғы қабақты көтеруге арналған жаттығу. Тағы да маңдайды бақылаңыз. Егер тырысу маңдайдың бұлшық етіне жетсе қабақтар сапасыздау жұмыс істейді. Жиі жаттығыңыз, уақыт өте келе маңдайыңызды қиналмай босаңсыта аласыз.


5 жаттығу




Маңдайыңыз қастың астынан сәл көрініп тұратындай етіп қолыңызды қойыңыз. Маңдайға сәл қысым түсіріп басу қалыбы жаттығу біткенше сақталу керек. Осылайша сіз әжімдер жиналмайтындай теріге жете аласыз. Енді қасыңызды көтеріп, көзіңізді кеңірек ашыңыз. Қабақтағы тырысуды сезініңіз. Қастың көтерілуіне саусақтарыңызбен қарсылық жасаңыз. 5 секунд көзіңізді ашып ұстаңыз, сосын бес секундқа жұмыңыз. 10 секунд демалып, 3 рет қайталаңыз.

Бұл аймақпен жиі, бірақ қатты беріліп кетпей жұмыс жасау керек. Көзге арналған жаттығуды күніне 4-5 рет жасағанмен бәрі бірден керемет болып кетпейді. Бұлшықеттерге орташа күш салу керек. Яғни, жас ерекшелігіне байланысты фейсфитнеспен аптасына 3 реттен 6 ретке дейін айналысқан тиімді.


Дереккөз: yapokupayu.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ҚАЛЫҚТАП жүріп жасалатын жаттығу ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫН емдейді


АЯҚТЫ арықтатып әрі ІСІКТЕН арылтатын