Біле жүріңіз
Кез келген жұмысқа ынта-шынтаңызбен кірісу үшін ойыңыз жинақы, мақсатыңыз айқын, миыңыз тыныш болуы керек. Бірақ бұл үшеуін бір арнаға тоғыстыру мүмкін емес. Десе де ойыңыз ұшып, назарымыз басқа жаққа ауып, санамыз сан-саққа жүгіретіні жасырын емес. Бір мезетте ойды жинақтап, нәтижелі жұмыс көрсету үшін жаттығу жасаңыз. Ол үшін тер төкпейсіз. Жай ғана саусақтарыңызды жұмсайсыз. Саусақтарыңызбен жаттығу жасау арқылы миыңызды оятасыз. Ендеше, бастайық!
Саусақ жаттығулары:
- жылдам әрі түсініп оқуға, ақпаратты есте сақтауға;
- көңіл көтеруге;
- назарын тапсырмаға аударып, ойын жинақтауға ықпал етеді.
Сонымен қатар, саусақ жаттығулары жаңа нейрондық байланыстарды құруды ынталандырады. Бұл мидың пластикасын дамытады. Яғни, ақпаратты тез есте сақтау және жаңа нәрселерге бейімделу қабілетіне жауап береді.
Біз кішкентай балаларға миын жаттықтыру үшін жаңа жолдармен жүруге, тіл үйренуге, сол немесе оң қолмен жұмыс істеуге үйретеміз. Сол сияқты саусақ гимнастикасы да миды жаттықтыра алатын қасиетке ие. Әсіресе, күні бойы компьютерде жұмыс істейтіндер үшін таптырмайтын тәсіл деуге болады.
Ендеше, жаттығуды бастаймыз!
Саусақ гимнастикасының негізгі қағидасы – қарапайымнан күрделіге өту. Жаттығуды мінсіз және жылдам орындауға асықпаңыз. Жаттығу жасауға дағдыланған кезде жылдамдықты тездетіңіз. Ыңғайлы болу үшін біз жаттығуларды қиындық дәрежесіне қарай орналастырдық!
Жаттығудан бұрын миымызды «ояту» керек. Ол үшін алақандарыңызды жылытқандай ысқылаңыз. Әрі қарай, саусақтарыңызды ұшына дейін ысқылаңыз.
«Тас – үйрек» жаттығуы
1. Бір қолыңызбен жұдырық жасаңыз – бұл «тас».
2. Екінші қолыңыздың білегін бүгіп, бас бармағыңызды жоғары қаратып, қалған төрт саусағыңызды көлденең бүгесіз – бұл «үйрек». Үйрек пен тас бір-біріне қарап тұрады.
3. Енді қолдарыңыздың пішінін өзгертіп, содан кейін қозғалыстарыңызды тездетіңіз.
«Сақина» жаттығуы
1. Бас бармақ пен балаң үйректі бір-біріне біріктіріп, дөңгелек жасаңыз. Сосын бас бармақты сұқ саусақпен, ортаңғы саусақпен және кіші саусақпен біріктіріп, дөңгелек жасаңыз. Жаттығуды кезек-кезек жасау керек.
2. Енді кері ретпен қайталаңыз: кішкентай саусақтан сұқ саусаққа дейін жалғастырасыз.
3. Жаттығуды алдымен оң қолға, сосын сол қолға жасайсыз.
«Жұдырық – қабырға – алақан» жаттығуы
1. Алақаныңызды үстелге қойыңыз.
2. Алақаныңызбен жұдырық жасаңыз.
3. Ашық алақаныңызды үстелдің үстіне қойыңыз.
Бұл әдістерді 8-10 рет қайталаңыз, алдымен әр қолмен бөлек, содан кейін екі қолмен бірге жалғастырасыз.
«Бақа» жаттығуы
1. Қолыңызды үстелге қойыңыз.
2. Бір қолмен жұдырық жасап, екінші алақанды төмен түсіріңіз.
3. Қолдарыңыздың орнын өзгертіңіз. Жаттығуды алдымен баяу, содан кейін тезірек орындаңыз.
«Құлақ – мұрын» жаттығуы
1. Сол қолыңызбен мұрныңыздың ұшынан ұстаңыз.
2. Оң қол – сол құлақтың артында болу керек.
3. Құлақ пен мұрынды бір уақытта босатыңыз, алақаныңызды соғыңыз және қолыңыздың орнын ауыстырыңыз.
«Шырпы» жаттығуы
1. Қолдарыңызды жұмып, жұдырықтайсыз. Сол қолыңыздан сұқ саусағыңызды, оң қолыңыздан кішкентай саусағыңызды бір-біріне қаратыңыз.
2. Енді алақаныңызбен шапалақ ұрыңыз.
3. Жаттығуды саусақтарыңыздың орнын өзгерте отырып жалғастырыңыз.
«Боксшы» жаттығуы
1. Оң қолыңызды иегіңіздің астына қойып, алақаныңызды көлденең қойыңыз.
2. Сол қолыңызбен жұдырық жасаңыз және оны алға қарай созыңыз.
3. Енді қолдарыңыздың орнын ауыстырыңыз.
«OK» жаттығуы
1. Оң қолыңызбен «OK», сол қолыңызбен «тамаша» белгісін көрсетіңіз.
2. Екі қолдағы фигураларды асимметриялы түрде өзгертіңіз.
«Құшақтау» жаттығуы
1. Суретте көрсетілгендей саусақтарыңызды біріктіріңіз.
2. Бас бармақтан кішкентай саусаққа кезекпен жылжытыңыз.
3. Енді қарама-қарсы бағытта орындаймыз.
«Қоян – тас» жаттығуы
1. Сол қолыңыздың ортаңғы және сұқ саусақтарын көтеріңіз, қалғанын бас бармағыңызбен алақаныңызға басыңыз – бұл «қоян».
2. Оң қолыңызда сұқ саусағыңызды және кішкентай саусақты жоғары көтеріңіз, қалғанын алақанға басыңыз – бұл «тас».
3. Саусақтарды өзгертіңіз: бір жағынан – «қоян», екінші жағынан – «тас».
«Шаян» жаттығуы
1. Сұқ және ортаңғы саусақтарды және сақина мен кішкентай саусақтарды сол қолыңызда бөлек жалғаңыз.
2. Оң қолыңызда сақина мен ортаңғы саусақтарыңызды біріктіріп, сұқ және кішкентай саусақтарыңызды мүмкіндігінше алшақ қойыңыз.
3. Қолыңызды асимметриялы түрде өзгертіңіз.
Саусақ жаттығуларын күнделікті орындау арқылы есте сақтау, зейін және ойлау жылдамдығын жақсартасыз.
Дереккөз: dzen.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
КҮЙЗЕЛІСтен арылуға арналған ЖАТТЫҒУЛАР бар