​Желкедегі "ЖОТАны" МЫНА жаттығу кетіреді

0
2 896

Жаттығулар арқылы желкенің күжіреюін кетіріп қана қоймай, денсаулығыңызды қалыпқа келтіресіз.


​Желкедегі

фото: youtube.com

Жетінші мойын омыртқасы тұсында өркеш тәрізді болып тұратын жота (медицина тілінде - Lipodystrophy) – желкеге жиналған артық май тіндері. Желкенің күжіреюін үй жағдайында массаж жасап, жаттығулармен айналысу арқылы кетіруге болады.

Жаттығулар арқылы желкедегі майды кетіріп қана қоймай, денсаулығыңызды қалыпқа келтіресіз. Мәселен:

  • Қан айналымын жақсарады;
  • Мойын және иық бұлшықеттері қатаяды;
  • Кеуде тұсындағы бұлшықеттерге жақсы әсерін тигізеді.
  • Оңай жаттығуларды орындап жүру арқылы сыртқы пішініңізді әдемі қалыпқа келтіре аласыз.


Басты алға жылжыту


Қолыңызды бел тұсына қойып, арқаңызды тік ұстаңыз. Басты бірден алға жібермеңіз, тек түсіңкі болу керек. Мойныңызды иықты қозғалтпай алға жылжытып көріңіз. Иекті алға жылжытып, қайтадан кері қарай тартыңыз. Бірақ иек көтеріліп тұрмау қажет. Иекті алға-артқа қозғалту арқылы қан айналымын жақсартып, мойын, желке тұсында жиналған тұздарды тарқатуға болады. 10-12 рет қайталау керек.


Иықты айналдыру


Қолыңызды төмек түсіріңіз де, арқаны тік ұстаған күйде иықты артқа қарай бағыттап жазыңыз. Баяу қалыпта екі иықты айналдыра отырып жаттығу жасаңыз. Содан соң иықты алға қарай айналдырыңыз. Бұл жаттығу омыртқа тұсындағы ісінулерді басады. 8-10 реттен алға және артқа қарай жасау керек.


Шынтақпен жасалатын жаттығу


Екі қолды екі жаққа жібереміз. Алақанды жоғары қаратып, шынтақты бүгу қажет. Арқаны түзу ұстап, иекті түсірмейміз, басты тік ұстау керек. Осы қалыпта шынтақты максималды түрде артқа қарай жылжытамыз. Содан соң бастапқы қалыпқа қайта ораламыз. Бұл жаттығу тек қана желке тұсындағы жиналған тұздардан арылтып қана қоймайды, оның омыртқаға тигізетін пайдасы зор.


Қолды құлыптау


Алақандарыңызды құлып тәрізді етіп бастан жоғары қарай көтеріңіз. Мойын алға жылжып кетпеу керек, арқа тік болсын. Содан соң шынтақты бүгіп, бастан төмен қарай желкеге дейін түсіріңіз. Осы кезде арқадағы бұлшықеттерге аздаған қысым сезілу керек. Содан соң қолды қайтадан жоғары көтеріп, омыртқа тұсын созыңыз. 10-12 рет жасау қажет.


Бастың иілуі


Арқаны тік ұстаңыз, иекті түсіріңіз және оң қолмен басты ұстаңыз. Басыңызды оң жаққа қарай еңкейтіңіз. Оң қолыңыз бастың салмағын ұстап тұратындай қарсыласуы керек. Осы кезде төс-бұғана-емізік бұлшықетіне әсері болады. Содан соң еңкеюді сол жақ бөлікпен жасаңыз. Әр бөлікпен 30 секундтан қайталау қажет.


Қолды иілген күйде көтеру


Арқаны алға сәл еңкейтіңіз. Басты түсірмеңіз, мойын омыртқа бойында теңесіп тұру керек. Қолды түзу ұстап алға қарай созыңыз. Кеуде омыртқасы тұсында сәл бүгіліп, қолды жоғары көтеріңіз. Арқадағы бұлшықеттердің қалай жұмыс істеп жатқаны сезіледі. Қатты еңкеюге тырыспаңыз. Арқаның жоғарғы бөлігіндегі қысымды сезінсеңіз жеткілікті. Жаттығуды 10-12 рет қайталаған жөн.


Жауырынды түйістіру


Екі қолдың шынтағын арқада түйістіріңіз де, шынтақтарыңызды алақаныңызбен ұстаңыз. Кеудені алға шығарыңқы етіп, жауырынды түйістіріңіз. Арқаны тік ұстап, бастың алға иіліп кетпеуін қадағалаңыз. Арқадағы, кеуде тұсындағы бұлшықеттерге қысым түсе бастағанын сезінгенше жаттығуды жалғастыруға болады. Бұл жаттығу мойынға, арқаға, кеуде тұсына өте пайдалы. 30 секундтан жасауға кеңес береміз.


Дереккөз: goodlooker.ru