Технологиялар туралы БІЗ СЕНЕТІН ЖАЛҒАН ақпараттар

0
2 063

Технологиялардың дамуы үздіксіз жүріп жатыр және олар біздің өмірімізге қажет.


Технологиялар туралы БІЗ СЕНЕТІН ЖАЛҒАН ақпараттар

Қазір түрлі гаджеттер бар және оларды жарнамалау кезінде ерекшеліктерін қосып айтады. Дегенмен, технология әлемінде біз сенетін және ең көп таралған жалған ақпараттар бар.


1. Гаджеттердің батареясын қаншалықты ұқыпты қолдансақ та, сапалы қызмет көрсету қабілетін жоғалтады


Ұялы телефондар мен ноутбук аккумуляторлары туралы бұл пікір көп жылдан бері айтылып жатыр және шындыққа сәйкес келеді. Өйткені, қазіргі көптеген құрылғылардың аккумуляторы литий-ионды және литий-полимерлі болғандықтан, оларды кез келген ыңғайлы уақытта қуаттауға болады. Тіпті, оларға қаншалықты ұқыпты қарасақ та, екі немесе үш жыл ғана сапалы қызмет көрсете алады.


2. Сапалы фотосурет түсіру үшін түрлі қосымшалар қажет емес

Бірнеше жыл бұрын смартфондарға арналған түрлі камера бағдарламалар кең таралған. Бұл – адамдардың қате пікірге бой алдырғанының айқын дәлелі. Бірақ, қазір адамдар мүлдем басқаша ойлайды, яғни сапалы сурет түсіру үшін тек мегапикселі көп камера қажет екеніне сенеді. Сонымен қатар, смартфон немесе фототехника алар кезде міндетті түрде камерасының мүмкіндігіне мән береді. Оған қоса, мықты камерамен қалай түсіру керек екені де таңсық емес.


3. Металл заттарды қысқатолқынды пешке салу қауіпті ма?

Біз қысқатолқынды пешке кездейсоқ металл зат салып жібергенде пайда болатын ұшқындардан қорқамыз. Шын мәнінде, барлық металл заттар микротолқынды пешке бірдей қауіпті емес. Мысалы, ондай ұшқындар қасық немесе шанышқының тісіне тұрып қалған жағымсыз зарядтың салдарынан пайда болатыны дәлелденген. Яғни, мұндай жағдайдан қауіптенудің қажеті жоқ.


4. Ұялы телефондарды тұрақты пайдалану ми қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін бе?

Адамдардың арасында ең көп таралған қорқынышты әңгімелердің бірі – «ұялы телефонды ұзақ пайдалану ми қатерлі ісігінің дамуына әкеледі» деген пікір. Шын мәнінде, бұл барлық адамға бірдей заңдылық емес. Әрине, ұялы телефондар адамның организміне кері әсер ете алатын электромагниттік радиация шығарады. Алайда, ол ағзадағы обырдың дамуымен байланыспайтынын көптеген зерттеушілер бұрыннан айтып келеді. Ал, қатерлі ісік тұқым қуалайтын сипатқа ие екені анықталған. Дегенмен, смартфонды өте көп пайдалану денсаулыққа зиян тигізеді.


5. Жұмыс үстелінің тұрақты жаңартылуы гаджеттің жұмысын тездетеді (обновление рабочего стола)


Бұл дерекке Windows пайдаланушылары кәміл сенеді және олар компьютер жұмысы жылдам болсын, осы арқылы жедел жад тазаланады деп жұмыс үстелін жиі жаңартады. Бірақ, шын мәнінде олай емес, «жаңарту» – жұмыс үстеліндегі белгішелерді ғана жаңартады.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ

дереккөз: novate.ru


Тағы оқыңыз:


Ғалымдар киімді ӨЗІ ЖИНАЙТЫН құрылғы ойлап тапты


Ұйқысы БҰЗЫЛҒАН адамдарға көмектесетін құрылғылар