Халықтың осал топтары үшін бұл қызмет түрі тегін.
ERNUR.KZ. 1 қыркүйектен бастап иттер мен мысықтарды чиптеу міндеттеледі, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Жанауарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға сәйкес декоративті тышқан, үй торайы секілді басқа да жануарларды есепке алу ерікті түрде жүргізіледі. Олар туралы ақпаратты жүйеге енгізу тегін болса, чиптеу ақылы болады.
Халықтың осал топтары үшін ғана қызмет тегін.
Ветеринарлық клиникалардың ақпараттарына сәйкес, ірі қалаларда жануарларды чиптеу қызметінің бағасы 3 жарым мыңнан 8 мың теңге аралығында.