​1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

0
1 678

1 шілдеден бастап - қалған өңірлердің барлығы және Астана мен Алматы қалалары науқастарды қағасыз қабылдауға көшеді.


​1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

иллюстрациялық фото: penzavzglyad.ru

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға көшеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Осың, науқастарға амбулаториялық карталар мен флюрографиялық жазбаларды алып жүрудің қажеті болмайды. Медициналық қызмет алу үшін оларға жеке куәлікті көрсету жеткілікті.

«Биыл 1 қаңтардан бастап, 4 облыс (Қарағанды, Қостанай, БҚО) қағазсыз ауруханалар пилоттық жобасына енді. 1 сәуірден бастап, бұл пилоттық жобаға тағы 4 аймақ (ОҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО) қосылды. 1 шілдеден бастап - қалған өңірлердің барлығы және Астана мен Алматы қалалары науқастарды қағасыз қабылдауға көшеді. Яғни, пилоттық жоба аясында амбулаториялық карталар жойылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін барлық медициналық ұйымдар 100% тек қана ақпараттық жүйелерде жазба жүргізеді және ақпараттар қағазға көшірілмейді», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде электронды үкімет пен медициналық ақпараттық жүйелер көмегімен дәрігерге онлайн-порталдар арқылы жазылу, дәрігерді үйге шақыру қызметтерін пайдалануға болады.