Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды.
фото: AP Photo / Jean-Francois Badias
ERNUR.KZ. Лисаков қалалық соты екі баланың ата-анасынан 1 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп алуға үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Бұл оқиға биыл сәуір айында болған. 6-сыныптың екі оқушысы пәтерде тамақ дайындауға арналған металл қалақты газ плитасына қыздырып, өздерінен бір жас кіші қыздың ұйықтап жатқанын көрсе де, сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын күйдірген. Бала дене жарақатын алып, моральдық тұрғыда зардап шекті.
Сот шешімімен екі қыздың ата-анасына өз міндетін орындамағаны үшін айыппұл салынды. Бұдан бөлек, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін олардан өтемақы өндіріп алуға шешім шығарылды.
"Азаматтық істі қарау нәтижесінде талапкердің моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылды. Жауапкерлердің әрқайсынан 500 000 теңгеден – жалпы сомасы 1 000 000 теңге мөлшерінде өтемақы үлестік тәртіппен өндіріледі", - делінген сот үкімінде.
Сондай-ақ алдағы уақытта зардап шеккен балаға косметикалық процедуралар және басқа да емдеу шаралары жасалса, оған кететін шығынды өтеу үшін сотқа жүгінуге болады.