15 миллион теңге жымқырды: Астанада сот орындаушы екі жылға бас бостандығынан айырылды

0
676

Жеке сот орындаушы борышкердің 15 млн теңгесін өз қажетіне жұмсап жіберген.


15 миллион теңге жымқырды: Астанада сот орындаушы екі жылға бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Астанадағы сот 15 млн теңгені жымқырған бұрынғы жеке сот орындаушысына үкім шығарды, деп жазады stan.kz.

2019 жылы азамат 15 млн теңгені басқа адамның қарызын қайтару үшін берді. Ал сот орындаушысы шоттан ақша алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсады.

"Сотталушы кінәні ішінара мойындады, залалды өтемеді. Оның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен расталды", – делінген хабарламада.

Сот орындаушысы өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ мерзімін жартысына қысқартып, бірден рақымшылық жасалды.

Нәтижесінде сотталған адам екі жыл түрмеде отырады. Сондай-ақ, 15 млн теңгені қайтарып, жәбірленуші тарапқа моральдық зиянды өтеу үшін 500 мың теңге төлеуі тиіс. Ер адам атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметпен бес жыл бойы айналыса алмайды. Сот үкімі күшіне енген жоқ.