2024 жылы бір балаға 100,52 АҚШ доллары түскен болатын.
ERNUR.KZ. Бүгін қазақстандық барлық балалардың БЖЗҚ-ғы шоттарына Ұлттық қордан 2024 жылдың аударымдары түсті. 2025 жылы бір балаға 3,04 АҚШ доллары көлемінде инвестициялық табыс және 129,38 АҚШ доллары көлемінде мақсатты талаптар сомасы аударылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы бір балаға 100,52 АҚШ доллары түскен болатын. Осылайша 2 жылда бір баланың БЖЗҚ-ғы жинақ шотында барлығы 232,94 АҚШ доллар жинақталды.
Аударымдарды eGov mobile мобильді қосымшаларында, екінші деңгейлі банктерде, сондай-ақ https://kids.enpf.kz/ сілтемесіне өтіп, БЖЗҚ сайтында тексеруге болады.
18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақ ақшаны бірден пайдалана алады. Биыл олардың жоғары сома алатын мүмкіндіктері бар, өйткені оларға 2024 және 2025 жылдары қос аударым жүргізілді.
18 жастағы қазақстандықтардың бұл қаражатты екі мақсатта: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және білім алу ақысын төлеуге жұмсай алады. Өтінімдер Отбасы банктің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) enpf-otbasy.kz платформасының көмегімен онлайн түрде беріледі.
Өткен жылы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы4,3 млрд теңге сомасына 43 591 өтінім мақұлданды. Нәтижесінде, уәкілетті операторлардың бірі ретінде Отбасы банк арқылы Қазақстан бойынша жалпы өтінімдердің 82% - ы өткізілді. Яғни ақша жас қазақстандықтардың ағымдағы шоттарына аударылып, рұқсат етілген мақсаттарға пайдаланылды.
Оның жартысынан көбі немесе 24 051 адам бұл қаражатпен Отбасы банктегі депозиттерін толықтырды. Тағы 7 299 адам ақшаны оқу ақысын төлеуге бағыттады. Сондай-ақ, Ұлттық қордан түскен қаржы көмегімен 418 адам «Ақыл» білім салымдарын толықтырды.
2024 жылы шоттарына 100,52 АҚШ доллары аударылған жас қазақстандықтардың дені өз жинақтарын әлі пайдаланып үлгермеді. Бұл қаражат олардың БЖЗҚ-дағы шоттарында сақталады. Заң бойынша оларға инвестициялық табыс есептелмейді, себебі азаматтар оны кез келген уақытта ала-алады. Егер бұл қаражат 10 жылдың ішінде пайдаланылмаса, онда жинақ ақша Ұлттық банктің аударым күні белгілеген теңге курсы бойынша меншік иесінің БЖЗҚ-ғы жеке зейнетақы шотына ерікті жарна түрінде аударылады.
Егер азаматтарымызда оқу ақысын төлеу қажеттілігі болмаса, онда Ұлттық қордан түскен қаражатты Отбасы банктегі депозитке аударуға болады.
Отбасы банк депозитінің артықшылығы неде?
- жинақ ақшасы аз болса да, ол салымшы үшін пайда әкеліп отырады. Оған банктің 2% мөлшеріндегі сыйақысы және мемлекеттің 20% мөлшеріндегі сыйлықақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға) есептеледі. Депозит бойынша ЖТСМ - жылдық 14%-ға дейін (мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып).
- депозиттің болуы жас салымшыға ең аз шығынмен өз үйін сатып алуға және ата-анасынан бөлек тұруға көмектеседі. Жинақ шотын тұрақты жинақтау арқылы еліміздегі ең төменгі мөлшерлемелер бойынша – жылдық 3,5%-дан (ЖТСМ 3,6%-дан 4,4-ға дейін) жылдық 5%-ға дейін (ЖТСМ 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) заем алуға болады.
- бастапқы жарнасы мен сыйақы мөлшерлемесі төмендетілген Банктің мемлекеттік және меншікті бағдарламаларына, оның ішінде "Наурыз" бағдарламасына қатысу мүмкіндігі артады.
- жинақтаудың ерте басталуы жинақтаудың қажетті деңгейіне тезірек жетуге және кредит бойынша мөлшерлемеге әсер ететін бағалау көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді, бағалау көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, мөлшерлеме соғұрлым төмен болады, ай сайынғы төлем мен артық төлем аз болады.
- салымшы қаражатты өзіне ыңғайлы тәсілмен жинай алады: ай сайынғы жарналар, біржолғы толықтырулар немесе ата-анасынан түсетін түсімдер, жалақы немесе стипендиялар арқылы.
- Отбасы банктің депозиттері мемлекет тарапынан сақтандырылған, бұл қаражаттың сақталуына және талаптардың тұрақтылығына сенімділік береді.
- тұрақты жинақтар кірісті растаусыз кредит алуға мүмкіндік береді.
Enpf-otbasy.kz платформасын пайдаланып, Ұлттық қордан қаражатты қалай аударуға болады?
Платформаға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып кіруге болады.
Содан кейін ағымдағы шот ашу керек.
Егер "Ұлттық қор - балаларға" жобасының қатысушысы Отбасы банктің клиенті болса, онда ағымдағы шот платформада ашылады. Егер жобаға қатысушы осы уақытқа дейін Банктің клиенті болмаса, онда ағымдағы шотты Отбасы банктің мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады. Ол үшін App store/Play market дүкенінен "Otbasy bank" мобильді қосымшасын жүктеп алу қажет. Сондай-ақ Баспана маркет порталында (otbasybank.kz), Банк бөлімшелерінде, консультанттардың көмегімен немесе Банктің hcsbk.kz сайтына өтіп, бейне қоңырау арқылы шот ашуға болады.
Содан кейін enpf-otbasy.kz платформасындағы Жеке кабинетте БЖЗҚ-дан қаражат алуға сұрау салу және мақсатты таңдау қажет. БЖЗҚ қаражат ағымдағы шотқа түскен кезде клиент қаражатты мақсатты пайдаланатынын растайтын құжаттарын қоса беруі қажет. Банк өтінімді, салынған құжаттарды тексереді және оң шешім қабылданған жағдайда қаражатты нысаналы мақсаты бойынша аударады.