​2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

0
2 220

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты.


​2019 жылдан бастап медицина мамандығын таңдаған талапкерлер арнайы емтихан тапсырады

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева келесі жылдан бастап медицина саласын таңдаған талапкерлерге талаптар күшейтілетінін айтты, деп жазады Baq.kz.

«Бүгінгі таңда елімізде 5 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орны, 4 мемлекеттік емес жоғары оқу орны, көп профильді білім беру ұйымдар құрамындағы 6 факультет медициналық білім береді. Жалпы, биылғы оқу жылында оқуға, бірінші курсқа 6 мың 373 адам қабылданды. Ал 2018 жылы 6 мың 496 адам оқу бітірді», - деді Ақтаева Сенатта өтіп жатқан «ҚР-да кәсіптік білім беру сапасын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде.

Вице-министрдің айтуынша, медициналық жоғары оқу орындарына түсуге студенттерді іріктеу үшін оларды арнайы емтиханнан өткізу қажеттігі заң жүзінде енгізілді.

«Яғни, келесі жылы 2019 жылғы талапкерлер арнайы емтихан тапсыратын болады», - деді ЛәззатАқтаева.