Құрбан айт 11-13 тамыз күндері өтеді.
ERNUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы діни мереке күндерінің кестесін жариялады, деп жазады sputniknews.kz.
Келер жылы мұсылман қауым үшін 9 ерекше күн бар. Алғашқысы – сәуір айының 2-сі мен 3-не түсіп тұрған Миғраж түні. Бұл түні Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Меккедегі әл-Харам мешітінен Иерусалимдегі әл-Ақша мешітіне бір сәтте исра жасады. Исра дегеніміз – араб тілінен аударғанда "түнгі сапар" деген мағынаны білдіреді. Одан жет қат көк – Миғражға көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбармен, үнемі құлшылық жасайтын періштелермен кездесті.
Сондай-ақ, хадистерде Жаратушының түрлі белгі-аяттарын көріп, онымен тілдескені туралы жазылған. Осы түні мұсылман қауымға түнде бес уақыт намаз оқу парыз етілген.
Бұдан кейін 19-20 сәуір күні Бараат түні мерекесі келеді. Ал мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталады.
Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн – Қасиетті жұмаға түсіп отыр. Артынша 4 маусым күні Ораза айт басталады.