2022 жылы демалыс күндері ауысады

0
1 300

​Демалыс күндері ауысқаннан кейін, қазақстандықтар 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және 30 тамыз – Конституция күні қатарынан үш күн демалады.


2022 жылы демалыс күндері ауысады

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады sputnik.kz.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында үкімет келесі жылы демалыс күндерін ауыстыруды жоспарлап отыр.

Демалыс күндері:

  • 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;
  • 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын, делінген қаулыда.

Айта кетері, 2022 жылы 8 наурыз мейрамы сейсенбіге түсіп тұр. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6, 7 және 8 наурыз демалады. 30 тамыз – Конституция күні де сейсенбі күні аталып өтеді. Сол себепті бұл мейрамда да адамдар қатарынан үш күн – 28, 29 және 30 тамыз демалмақ.

"Демалыс күндерін алдын ала ауыстыру демалуды, мәдени-бұқаралық және корпоративтік іс-шараларды, сондай-ақ олармен байланысты шығыстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді", - делінген түсіндірме жазбада.

Қаулы жобасын қоғамдық талқылау мерзімі 7 қыркүйекке дейін созылады.