2024-2025 оқу жылында оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды

0
485

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 18 маусымға дейін жалғасады.


2024-2025 оқу жылында оқушылардың қанша күн демалатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық жобасында 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыры аралығындағы оқу жылында қанша күн демалыс болатыны көрсетілді, деп жазады stan.kz.

Бірінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаға дейін жеті күнге созылады.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар, қысқы демалыс – 10 күн. Демалыс 30 желтоқсаннан 2025 жылдың 8 қаңтарына дейін жалғасады.

Үшінші тоқсанда 10 оқу аптасы болады. Көктемгі демалыс – 11 күн, 2025 жылғы 21 наурыздан 31 наурызға дейін болады.

Бірінші сыныптар тағы жеті күн демаласады, олардың демалысы 3 ақпаннан 9 ақпанға дейін созылады.

Төртінші тоқсан сегіз оқу аптасынан тұрады.

9-10-сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусым аралығында, 11-12-сынып оқушылары үшін емтихан 30 мамыр мен 12 маусым аралығында өтеді.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 18 маусымға дейін жалғасады.