2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді

0
1 119

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды.


2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына төрағалық ету Ресей Федерациясына өтеді. Бұл туралы кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлім етті, деп жазады Kazinform.

«ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады, онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді», – деді ол.

ТМД-ға мүше Мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылдың 8 қазанында Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді.

Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды.