26 адам эвакуацияланды: Өскеменде көпқабатты тұрғын үй өртенді

0
834

Оның айтуынша, 18 маусымда сағат 21:45-те Өскемен қаласындағы «101» қызметіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен.


26 адам эвакуацияланды: Өскеменде көпқабатты тұрғын үй өртенді

ERNUR.KZ. Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді, деп жазады sn.kz.

Оның айтуынша, 18 маусымда сағат 21:45-те Өскемен қаласындағы «101» қызметіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен.

Оқиға орнына 21:51-де алғашқы алғашқы өрт сөндірушілер келіп жетті. Тұрғын үйдегі жеделсаты шахтасында үшінші қабаттан сегізінші қабатқа шейінгі аралықта электр кабелі өртеніп жатқан. Құтқарушылар алдымен 26 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар.

Тағы 6 адам құтқарылды, оның біреуі бала. Екі адам тоғызыншы қабаттан автосаты көмегімен түсірілген.

Жалын сағат 22:19-да оқшауланып, 22:26-да толығымен сөндірілді. Барлығы 16 метр кабельді жалын шарпыған.

Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды.