14-тің барлығы Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласында 14 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрі хабарлады.
"Нұр-Сұлтан қаласында жаңа 14 науқас тіркелді. Ол науқастар барлық карантиндік тәртіп бойынша карантинге жатқызылды. Байланыста болған азаматтармен жұмыс істелді", - деді денсаулық сақтау министрі Біртанов.
Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 коронавирус жағдайы тіркелді. Алматыда - 11, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам қауіпті вирусты жұқтырған.