2022 жылы ауыл шаруашылығымен айналысатын 2400 шаруаға бюджеттік несие есебінен 70 млрд теңге көлемінде несие беріледі. Шекті мөлшерлемесі 5%-дан аспайды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Қазақстандық мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы Ержан Сәрсенбай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Несие агроөнеркәсіптік кешен субъектілері мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге беріледі. Оның ішінде несиені бірінші рет алғалы тұрған 387 қарыз алушы қамтылады. Осының арқасында өсімдік шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру мен Қазақстанның 3 млн гектарлық егіс алқабын қамту көзделген", - дейді Ержан Сәрсенбай.