Жұмысқа орналасу мониторингі ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады және ай сайын міндетті зейнетақы жарналарының және ақпараттық жүйеде электрондық еңбек шарттары туралы мәліметтердің болуы тексеріледі.
ERNUR.KZ. Мониторинг нәтижелеріне сәйкес міндетті зейнетақы жарналары 828 мың адамға түскені анықталды, бұл 85%-ды құрайды, ал электрондық еңбек шарттары 587 мыңға жуық адамда немесе 60%-ында бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ брифингінде хабарлады.
Оның айтуынша, биыл өңірлердің алдында 903 мың адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. 2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 325 мың азамат тартылды. 67,5 мың адам үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру ұйымдарында 7,8 мың адам; жұмыс берушінің жұмыс орнында 1,9 мың адам; онлайн оқытумен 57,7 мың адам; оқудан кейін барлығы 14,6 мың адам жұмысқа орналастырылды. 60 мыңнан астам адам үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курстары ұйымдастырылды; бизнес-идеялардыіске асыруға 9 мыңға жуық грант берілді. Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 188 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.
«Оның ішінде: жұмыссыздар, студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары қатарындағы 110 мың адам – қоғамдық жұмыстарға; халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 15,5 мың адам – әлеуметтік жұмыс орындарына; жастар практикасы бойынша 33 мыңнан астам жас маман; алғаш рет жұмыс іздеген 9,6 мың жас адам – «Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде; білім беру ұйымдары түлектері қатарындағы 420 адам – «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша; 50 жастан асқан 19 мың жұмыссыз «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа тұрды»,-деді спикер.
Сонымен қатар 58 мыңға жуық жұмыссыз Skills.Enbek.kz порталында онлайн курстармен қамтылды, оның 52 мыңнан астамы немесе 91% - ы тиісті сертификаттарды ала отырып, оқуды сәтті аяқтады. Бүгінгі күні Skills.Enbek порталында 858 курс бар, олар жаңа дағды алғысы келетін немесе біліктілігін арттыруға ниетті әрбір адам үшін қолжетімді. Ағымдағы жылы VR және AR-технологияларды пайдалана отырып, жаңа практикалық курстар қолжетімді болады.
«10 мыңға жуық жұмыссыз жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша білім беру ұйымдары мен кәсіпорындарға оқуға жіберілді, 8,5 мың адам аяқтады, оның 7 мыңнан астамы немесе 87% – ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 9 мыңға жуық адамға екі ағынмен берілді. Бұл ретте, грант алушылардың 64%-ы ауылдық жерлерде тұрады. Грант алушылардың негізгі үлесі алған соманы технологиялық жабдықтар сатып алуға жұмсаған, бұндай қатысушылардың ең көп саны Түркістан, Қызылорда және Алматы қаласында байқалып отыр», - деді ведомство өкілі.
Көптеген жағдайда грант алушылар технологиялық жабдықтарды, инвентарьларды және еңбек құралдарын кондитерлік, шаштараз және тігін ісімен айналысу мақсатында сатып алған.