​«7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер 200 млрд теңге алады

0
2 130

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов «7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктерге 200 млрд теңге бөлінетінін, сондай-ақ бұл сома 1 трлн теңгеге жететінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​«7-20-25» бағдарламасы бойынша банктер 200 млрд теңге алады

фото tengrinews.kz

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов «7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктерге 200 млрд теңге бөлінетінін, сондай-ақ бұл сома 1 трлн теңгеге жететінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайына сілтеме жасап.

Баяндамашы қазіргі уақытта Ұлттық банк пен Үкімет алдында экономиканы ұзақ мерзімді кредиттеу мен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұрғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тиісті тапсырма берді. Ұлттық банк бұл міндетті мына бағыттар бойынша шешеді. Өткен жылы банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылды. Алты банк қалыпқа келтірілді. Нәтижесінде банктер кредиттік белсенділік етуге қажетті меншік капиталын ұлғайтты. Банктер және олардың акционерлері өздеріне тиісті міндеттемелерін қабылдады. Қалыпқа келтіру бағдарламасына қатысушы банктер беретін кредиттер сомасы 1,2 трлн теңгеден асады деп бағалап отырмыз», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ол банктерді қорландыру мерзімдерін ұзартатын құралдарды енгізу болжанып отырғанын айтты.

«Заңнамалық деңгейде жинақ депозиттерін енгізу банктерге неғұрлым ұзақ және болжамды қорландыруға ие болуға мүмкіндік береді. Нарық ойыншыларының қатысуымен тең негізде зейнетақы қорының қаражатын банктердің облигацияларына инвестициялау бойынша іске қосылатын бағдарлама шеңберінде банктерге бес жылға 400 млрд теңге беру жоспарланып отыр. Жақын арада банктер «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 200 млрд теңге алады. Болашақта бұл сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін екі трлн теңгеге дейін екі есе өсіруге мүмкіндік береді», - деді Ахметов.