Абай облысында орман өртінен 3 адам қаза тапты: Тоқаев үкіметке тапсырма берді

0
681

Бұған дейін орман шаруашылығының 14 қызметкері байланысқа шықпай жатқаны хабарланған болатын.


Абай облысында орман өртінен 3 адам қаза тапты: Тоқаев үкіметке тапсырма берді

Абай облысында алапат өрттен орман шаруашылығының 3 қызметкері көз жұмды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. aqorda_resmi сайтына сілтеме жасап.

Абай облысындағы алапат өртке байланысты президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқару міндетін жүктеді.
ТЖМ мәліметіне сәйкес, орман шаруашылығының үш қызметкері қаза тапты, тағы 11 қызметкер іздестіріліп жатыр.
Тоқаев үкіметке және Абай облысының әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.
Бұған дейін орман шаруашылығының 14 қызметкері байланысқа шықпай жатқаны хабарланған болатын.