АЭС құрылысы қашан басталады - үкімет мерзімін атады

0
104

Үкіметте өткен брифингте вице-премьер АЭС салу саласындағы халықаралық тәжірибені еске салды.


АЭС құрылысы қашан басталады - үкімет мерзімін атады

фото: Пресс-служба государственной корпорации по атомной энергии "Росатом"

ERNUR.KZ. Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр референдумнан кейін АЭС құрылысы қашан басталатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Үкіметте өткен брифингте вице-премьер АЭС салу саласындағы халықаралық тәжірибені еске салды.
“Бір жылдай техникалық-экономикалық негіздеме жасайды. Сосын бір-бір жарым жыл жобалық-сметалық құжаттар әзірленеді. Бұл - ең қысқа мерзім. Сосын құрылыс жұмыстары басталады”,- деді Скляр.
Оның айтуынша, қауіпсіздік шараларына негізгі басымдық беріледі.
Айта кетері, бүгін орталық референдум комиссиясы нақты нәтижені жариялады. Оған сәйкес, дауыс берген қазақстандықтардың 71,12 проценті АЭС салуды қолдады.
Ал президент Тоқаев Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысына халықаралық консорциумды тарту қажеттігін айтты.