Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылатыны хабарланды.
Фото: Air Astana
ERNUR.KZ. Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын хабарлады, деп жазады inform.kz.
— Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады, — делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылатыны хабарланды.
— Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет, — деп хабарлады Air Astana.
Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.
Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
форманы толтыру қажет WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com FlyArystan
help@flyarystan.com 8 727 331-10-10 WhatsApp +7 702 702 0227
Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында
Айта кетейік, Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинаудың бірыңғай ресми тетігі белгіленді. Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге жинаған.


