​Ақмолада оқушылар арасындағы кикілжіңнен жаттықтырушы зардап шекті

0
1 259

Оқушылар арасында кикілжің орын алып, оны жаттықтырушылар тоқтатты.


​Ақмолада оқушылар арасындағы кикілжіңнен жаттықтырушы зардап шекті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында 22 жастағы жаттықтырушыны соққыға жыққан үш бұзақыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметі бойынша, облыс орталығындағы №5 «Тандау» мектебінің базасында спорттық жарыс кезінде алған.

Жарысқа Көкшетау қаласындағы үш орта мектептің командалары қатысқан.

«Оқушылар арасында кикілжің орын алып, оны жаттықтырушылар тоқтатты. Жарыс аяқталған соң білім ордасына оқушылардың бірінің танысы келіп, 22 жастағы жаттықтырушыны ұрып-соққан. Ер адам жарақаты шамалы болған соң медициналық көмек алудан бас тартты», - деп айтты полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Ведомстводан атап өткендей, оқиғаға байланысты ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «26, 23 және 20 жастағы үш күдікті анықталып, олардан түсініктеме алынды», деп толықтырды ведомстводан.