Ақтау гарнизонындағы трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады

0
419

Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.


Ақтау гарнизонындағы трагедия: прокуратура қылмыстық іс қозғады

ERNUR.KZ. Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қазақстан Бас прокуратурасы баспасөз қызметі.

"Жедел тергеу тобы құрылды. Оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, 9 адам көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша 24 қыркүйек күні ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 19 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Қазіргі уақытта оның 9-ы көз жұмғаны анықталды. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.