Прокурор оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Фото: Фото: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты
ERNUR.KZ. Ақтауда теңіз портының бұрынғы президенті Абай Түрикпенбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Прокурор оған орташа қауіпсіздік колониясында 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп жазады Stan.kz.
Тергеу теңіз сауда портының экс-президенті Абай Түрикпенбаевты Қылмыстық кодекстің мына үш бабы бойынша айыптап отыр:
- Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі – "Қылмысқа жәрдемдесу";
- Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – "Аса ірі көлемдегі алаяқтық";
- Қылмыстық кодексиің 361-бабы 1-бөлігі – "Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану".
- Прокурор оны орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Іс бойынша басқа айыпталушылар
Жалпы сот алдында төрт адам отыр. Олардың арасында "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ-ның коммерциялық жұмыс жөніндегі атқарушы директоры Ахмад Мұстафин бар. Оған мына баптар бойынша айып тағылған:
- Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2 және 4-бөліктері – "Алаяқтық";
- Қылмыстық кодекстің 339-1-бабы 3-бөлігі 5-тармағы – "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің бөліктері немесе туындыларымен заңсыз айналысу (ірі көлемде)".
Мұстафин үшін де мемлекеттік айыптаушы 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Сондай-ақ іс бойынша Нұркен Мақсат пен Бақтыбаев Бахытбек те өтуде. Оларға қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану айыбы тағылған. Әрқайсысына ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.
Барлық айыпталушылар теңіз портына 1,8 миллион теңгеден қайтаруы тиіс.


