Алдын ала мәлімет бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Ақтауда 12 жастағы бала көшеде көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Алдын ала мәлімет бойынша, баланың жүрегі тоқтап қалған. Осы оқиғаға қатысты Ақтау қаласының тұрғындары, оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Маңғыстау облысы Жедел жәрдем станциясының директоры Айралбек оқиғаға қатысты түсінік беріп, баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалғанын, алайда фельдшер баланы жарты сағаттай реанимациялауға тырысқанын айтты
«Бригадаға шақырту түскеннен кейін сол орынға тоғыз минутта жетті. Баланы бірден тексерді. Алайда баланың жүрегі дәрігерлер келгенге дейін тоқтап қалды. Осыған қарамастан, фельдшерлер 30 минут жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Біздегі ереже сондай. Бірақ, өкінішке қарай бұл нәтиже бермеді. Баланы көшеде өтіп бара жатқан адамдар тауып, хабарлаған», - деді Айралбек Шыршықбаев.