Ақтауда әскери техниканы жөндеп жатқан сарбаз жарақат алды

0
1 202

Әскери қызметші 2021 жылдың күзінде Ақтөбе қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.


Ақтауда әскери техниканы жөндеп жатқан сарбаз жарақат алды

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігі Ақтау гарнизонында сарбаздың жарақат алуына байланысты түсініктеме берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Биылғы 24 ақпанда Ақтау гарнизонының әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Т. әскери техникаға қызмет көрсету кезінде жарақат алған.

«Қазіргі уақытта сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскери қызметшінің жағдайын орташа ауыр деңгейде деп бағалады. Ақтау гарнизонының әскери полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде» делінген хабарламада.

Әскери қызметші 2021 жылдың күзінде Ақтөбе қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.