Ақтауда ер адам бесінші қабаттан құлап, тірі қалды

0
310

​Оқиға 3 қарашада түнгі уақытта болды.


Ақтауда ер адам бесінші қабаттан құлап, тірі қалды

Фото: Azattyq Rýhy

ERNUR.KZ. Оқиға 7 шағын ауданындағы №12 үйде болды. Бесінші қабаттан құлаған ер адам ауруханаға жеткізілгенмен, ол дәрігерлік көмектен бас тартып, үйіне оралды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маңғыстау облысының ТЖД апаттық-құтқару бөліміне 3 қараша күні сағат 23:46-да ер адамның биіктен құлап, бірінші қабатта орналасқан дүкеннің шатырына құлағаны хабарланған.

«Құтқарушылар арнайы сатының көмегімен бесінші қабаттан құлаған ер адамды түсіріп алды. Жағдайы қанағаттанарлық еңгейде, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген ведомство мәліметінде.

Ал облыстық жедел жәрдем қызметі биіктен құлаған 34 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізгенін хабарлады.

«Ер адам басы айналып, жүрегі айнығанын, кеудесі мен аяғы ауырғанын айтты. Өз бетінше жүре алмайды. Ол алкогольдік мас күйде болды. Науқас облыстық көппрофильді аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.