Ақтауда сапбордшыларды теңіз ағыны алып кетті

0
703

Сапборд - жүзуге арналған ескегі бар тақта, сервинг тақтасына ұқсас.


Ақтауда сапбордшыларды теңіз ағыны алып кетті

ERNUR.KZ. Ақтауда сапбордшыларды теңіз ағыны алып кетті. Жасөспірімдер құтқарылды, деп жазады tengritravel.kz.

Құтқарушылар мәліметінше, 112 нөміріне 22 шілдеде 20:50-де қоңырау түскен. ТЖД-ның қайықтағы қызметкерлері балаларды құтқаруға аттанды.

2006 және 2007 жылғы балаларды теңіздің ағысы жағадан 1,5 шақырым жерге алып кеткен. Олар аман-есен құтқарылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Сапборд - жүзуге арналған ескегі бар тақта, сервинг тақтасына ұқсас.